ТП ҰҒПО туралы

«Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» мемлекеттік мекемесі (ТП ҰҒПО ММ-і) 1992 жылдың наурыз айының 31-ндегі ҚР-ның Министрлер Кабинетінің № 305 Қаулысы және ҚР-ның Білім Министрінің 1992 жылдың сәуір айының 30-ндағы «Ақыл-ой және дене дамуында ақаулары бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және кәсіби-еңбекпен оңалтудың Республикалық орталығын құру туралы» № 200 Бұйрығына негізделе отыра құрылды.

Түзеу педагогикасының Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырушысы және алғашқы басшысы – педагогика ғылымдарының докторы, профессор Роза Айтжановна Сулейменова.

Толығырақ
Пресс-релиз
     «Түзеу  педагогикасының  ұлттық-ғылыми  практикалық  орталығы» ММ  2019 жылдың 03-12 маусым аралығында өтетін іс-шаралар туралы хабарлайды. 
2019 жылдың  03-12 маусым аралығында Түзеу  педагогикасының  ұлттық-ғылыми практикалық орталығында жалпы білім беру мектептерінің  психологтарына, логопедтеріне, педагог-дефектологтарына арналған «Жалпы білім беруде мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің ұйымдастырушылық-әдістемелік негіздері» атты біліктілікті арттыру курсы өтеді. 
Курстың мақсаты: жалпы білім беру мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің  мамандарын инклюзивті білім берудің тәжірибесіне дайындау.
     08-17 сәуір аралығында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының логопедтеріне арналған «Тіл кемістігі бар мектепке дейінгі балалармен  инклюзивті білім беру жағдайындағы логопедиялық жұмыс жүйесі» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтті. Курсқа қатысушылар Республикамыздың барлық өңірлерінен келді: Астана, Алматы, Ақтау, Жамбыл, Ақтобе, Қызылорда, Тараз,  Орал қалаларынан; Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарынан. Оқу барысында тындаушылар мүмкіндіктері шектеулі балаларды қолдауға қатысты заманауи идеяларын, әдістемелік тәсілдемелерін, қазіргі көзқарастарды талдап, нормативті материалдармен танысты, инклюзивті білім беру жағдайында мектепке дейінгі балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмысының заманауи технологиялары, логопедпен түзету-педагогикалық үдеріске басқа да қатысушылары – тәрбиеші, психолог және ата-аналар арасындағы байланыс туралы мәліметтерін толық ашып қарастырды және психологиялық-педагогикалық тексеру қорытындыларына сүйене отырып, жалпы оқу үдерісіне қосылған мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жеке дамыту бағдарламасын құрастыру әдіс-тәсілдерін үйренді.
     «Түзеу  педагогикасының  ұлттық-ғылыми  практикалық  орталығы» ММ  2019 жылдың 13-22 мамыр аралығында өтетін   іс-шаралар туралы хабарлайды. 
     2019 жылдың  13-22 мамыр аралығында Түзеу  педагогикасының  ұлттық-ғылыми  практикалық  орталығында психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру ұйымдарының  педагог-дефектологтарына   арналған «ПМПК жағдайларында дефектолог-педагогтың жұмысын ұйымдастырудың заманауи тәсілдері» атты біліктілікті арттыру курсы өтеді. 
Курстың мақсаты: психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру мекемелердің  дефектолог мамандардың  балалар психикалық даму бұзылыстарын диагностикасы мен кеңес беру мәселелері бойынша  ең мықты әлемдік тәсілдердің негізінде кәсіби дамуы.

Пресс-релиз

     «Түзеу педагогикасының ұлттық-ғылыми практикалық орталығы» ММ 2019 жылдың 08-17 сәуір аралығында өтетін іс-шаралар туралы хабарлайды.

2019 жылдың 08-17 сәуір аралығында Түзеу педагогикасының ұлттық-ғылыми практикалық орталығында мектепке дейінгі білім беру ұйымдардың логопедтеріне арналған «Тіл кемістігі бар мектепке дейінгі балалармен инклюзивті білім беру жағдайындағы логопедиялық жұмыс жүйесі» атты біліктілікті арттыру курсы өтеді.

      Курстың мақсаты: инклюзивті білім беру жағдайындағы логопедиялық жұмыстың мақсаты мен мазмұнына қойылатын замануи талаптардың негізінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдардың логопедтердің кәсіби дамуы.

     27.02.2019 жылы орталығымызда ата-аналарға кеңес беруге байланысты «ата-аналар мектебі» ұйымдастырылды. Ата-аналарды хабардар ету мақсатында алдын ала хабарландыру жұмысы жүргізілді.
 
     «Ата-аналар мектебінің» мақсаты: ата-аналарды арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арналған мемлекет тарапынан болатын қолдау түрлері туралы ақпарат, баланы үй жағдайында дұрыс дамыту мәселелері, отбасындағы кризистік және материалдық мәселелердің шешімдері жайлы кеңес беру.

Сұранымдар

Сайттың жаңа дизайнын бағалаңыз

Өте ұнады
Жаман емес
Қанағаттанарлық, дегенмен ...
Бұдан жақсысын да көргенмін
Мүлдем ұнамады
Нәтижелер

Біздің мекенжайымыз

050008, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы,
И. Байзақов көшесі, 273 "А"

тел. (7 727) 394-43-18
тел./ факс: (7 727) 394-45-17
e-mail: nnpckp@mail.ru
           nnpckp@mail.kz