Құрметті ата-аналар, ата-апалар, тәрбиешілер, логопедтер, психологтар, мұғалімдер, студенттер, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеумен айналысып жүрген тұлғалар, онымен қоса қазақ тілінің жанашырлары!

     Бала тілінің ана (қазақ) тілі негізінде ғажайып сөздігін құру мақсатында Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалымдар тобы туылғаннан 6-7 жасқа дейінгі балалардың сөйлеу тілі мысалдарын жинақтау жұмысына кірісті.

     Бұндай сөздікті дайындау бала тілі негізінде ана тілінің (қазақ тілі) тілдік жүйесінің қалыптасу ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік береді. Бізді балалардың сөйлеу тілі мысалдары, яғни жаңашыл сөздік қолданыстары, онымен қоса күнделікті толтыру жазбалары, аудио, бейне материалдар қызықтыруда. Яғни, ана тілінің (қазақ тілі) дамуымен байланысты деректермен байланысты барлық ақпарат.

     Американдық ғалымдардың күш-жігерінің нәтижесінде әлемнің көптеген елдерінен жинақталған бала тілінің халықаралық деректер банкі құрылғаны белгілі.

     Жоғарыда баяндалған ақпаратқа сәйкес туылғаннан 6-7 жасқа дейінгі балалардың сөйлеу тілі бірліктерін зерттеу Қауымдастығын құрып, жоғарыда жас аралағы аталған балалардың жаңашыл сөздік қолданыстарын жинақтауға қатысты жұмысты бастаймыз деп мәлімдейміз.

 

     «Бала тілінің сөздігіне» арналған материалдар мынадай формада жүзеге асырылады:

     1. Күнделіктерді толтыру жазбалары түріндегі балалардың сөйлеу тілі мысалдары. Баланың аты-жөні, жасы (нақты жас мөлшері, мысалға балаға 1 жас 2 ай 5 күн болса, онда жолдап отырған материалдарда 1;2;5 деп көрсеткен жөн), одан кейін болған күні, айы және жылы, бала болған жағдаяттың қысқаша түсініктемесін көрсеткен маңызды және белгілі бір сөз қандай контекстіде болғанын білу керек.

     2. Баланың сөйлеу тілінің аудиожазылымдар. Баланың аты-жөні, жасы, одан кейін болған күні, айы және жылы, бала болған жағдаяттың қысқаша түсініктемесін көрсеткен маңызды.

     3. 3-5 минуттан аспайтын баланың сөйлеу тілінің бейнематериалдары. Онымен қоса баланың аты-жөні, жасы, одан кейін болған күні, айы және жылы көрсетілуі керек.

Бізге келіп түскен барлық материалдарды нақты ғылыми мақсатта қолданып, жеке құпия түрде сақтайтынымызды мәлімдейміз.

 

Біздің байланыс Whatsapp:

8775114 7671; 8705170 8869;

8702408 1891; 8777214 3624;

 


Опросы

Оцените новый дизайн сайта

Очень понравился
Неплохо
Устраивает ... но ...
Встречал и получше
Совсем не понравился
Результаты

Наш адрес

050008, Республика Казахстан,
г. Алматы,
ул. Байзакова 273 "А"

тел. (7 727) 394-43-18
тел./ факс: (7 727) 394-45-17
e-mail: nnpckp@mail.ru
           nnpckp@mail.kz