«Түзеу педагогикасының ұлттық-ғылыми практикалық орталығы» ММ 2019 жылдың 04-13 қараша аралығында өтетін іс-шаралар туралы хабарлайды.

2019 жылдың 04-13 қараша аралығында Түзеу педагогикасының ұлттық-ғылыми практикалық орталығында жалпы және арнайы білім беру ұйымдарының логопедтеріне арналған «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытудың оқу бағдарламаларын жаңарту жағдайларында логопедиялық жұмысты жоспарлаудың заманауи тәсілдері» атты біліктілікті арттыру курсы өтеді.

Курстың мақсаты: сөйлеу тілі бұзылған мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің жаңартылған мазмұнын жүзеге асыруға білім беру ұйымдарының логопедтерін дайындау.

Міндеттері:

·ҚР мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жүйелі түрде жаңартудың негізгі идеялары мен қағидаларын ашу;

·сөйлеу тілі бұзылған мектепке дейінгі балаларға арналған жаңартылған оқу бағдарламаларының құрылымымен таныстыру;

·сөйлеу тілін дамыту, дыбыс айту, сауат ашу мен жазудың негіздері пәндері бойынша оқу бағдарламалардың мазмұнын ашып қарастыру;

·сөйлеу тілі бұзылған мектепке дейінгі балаларға арналған оқу бағдарламарының жаңартылған мазмұны жағдайында логопедиялық жұмысын жоспарлау технологияларымен жұмыс жасауға дайындау.

Оқыту барысында куртың қатысушылары ҚР мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жүйелі түрде жаңартудың негізгі идеяларымен, қағидаларымен танысады; сөйлеу тілі бұзылған мектепке дейінгі балаларға арналған жаңартылған оқу бағдарламалардың құрылымы мен мазмұнын тіл дамыту, дыбыс айту, сауат ашу мен жазудың негіздері сияқты негізгі бөлімдері бойынша ашып қарастырады; мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытуда оқу бағдарламаларын жаңарту жағдайларында логопедиялық жұмысты жобалаудың технологияларын үйренеді .

Өту орны: ММ «ТП ҰҒПО» Алматы қаласы.

Іс-шараның координаторы: Бағдарлама-222 «Арнайы білім беру жүйесінің психологиялық-педагогикалық кадрлардың біліктілігін жетілдіру».

Опросы

Сайттың жаңа дизайнын бағалаңыз

Өте ұнады
Жаман емес
Қанағаттанарлық, дегенмен ...
Бұдан жақсысын да көргенмін
Мүлдем ұнамады
Результаты

Наш адрес

050008, Республика Казахстан,
г. Алматы,
ул. Байзакова 273 "А"

тел. (7 727) 394-43-18
тел./ факс: (7 727) 394-45-17
e-mail: nnpckp@mail.ru
           nnpckp@mail.kz