«Түзеу  педагогикасының  ұлттық-ғылыми  практикалық  орталығы» ММ  2019 жылдың 18-27 қараша аралығында өтетін іс-шаралар туралы хабарлайды. 
2019 жылдың 18-27 қараша аралығында Түзеу  педагогикасының  ұлттық-ғылыми практикалық орталығында арнайы мектепке дейінгі ұйымдардың, оңалту орталықтарының тәрбиешілеріне   арналған «Арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымдар жағдайында оқу-тәрбие және дамыту үдерісін ұйымдастыру» атты біліктілікті арттыру курсы өтеді. 
Курстың мақсаты: заманауи психологиялық – педагогикалық технологиялар мен әлемдік үздік оқыту-тәрбиелеу тәжірибесінің негізінде арнайы мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиешілердің кәсіби біліктіліктерін  арттыру, тұлғалық және кәсіби өзін-өзі жетілдіру.
Міндеттері: 
ерте және мектепке дейінгі жастағы білім алуда ерекше қажеттілігі бар балалардың психофизиологиялық ерекшеліктері, олармен түзету-педагогикалық, тәрбие беру жұмысын жүргізудің әдістері мен технологиялары аясындағы ағымдық жағдайын және мәселелердің заманауи ой-пікірлерін талдау;   
мүмкіндігі шектеулі ерте және мектепке дейінгі жастағы балалармен жүргізілетін оқыту және дамыта-түзету жұмысын олардың  жеке-типологиялық ерекшеліктеріне сәйкес жоспарлау, орындау және талдау дағдыларын дамыту;
балалардың ата-аналарын психологиялық-педагогикалық насихаттаудың әдістерін, құралдарын қолдануды, түзету-оқыту міндеттерін шешу жолында отбасымен серіктестік өзара әрекеттесуді орнатуға үйрету. 
Оқыту барысында курс қатысушылары мүмкіндігі шектеулі ерте және мектепке дейінгі жастағы балалардың психофизиологиялық дамуының және жеке-типологиялық ерекшеліктеріне сәйкес оқыту-тәрбиелеу  және дамыта-түзету жұмысын стратегиялық жоспарлаудың проблемаларын түсінуді,  ақпараттық-коммуникациялық технологияларын, Нумикон және Монтессори-педагогика әдістерін, баламалы коммуникация жүйесі, визуальды ортаны ұйымдастыру  әдіс-тәсілдерін қолдануды үйренеді.  
Өту орны:  ММ «ТП ҰҒПО» Алматы қаласы.
Іс-шараның координаторы: Бағдарлама-222 «Арнайы білім беру жүйесінің психологиялық-педагогикалық кадрлардың біліктілігін жетілдіру». 

Опросы

Оцените новый дизайн сайта

Очень понравился
Неплохо
Устраивает ... но ...
Встречал и получше
Совсем не понравился
Результаты

Наш адрес

050008, Республика Казахстан,
г. Алматы,
ул. Байзакова 273 "А"

тел. (7 727) 394-43-18
тел./ факс: (7 727) 394-45-17
e-mail: nnpckp@mail.ru
           nnpckp@mail.kz