«Түзеу  педагогикасының  ұлттық-ғылыми  практикалық  орталығы» ММ  2019 жылдың 02-11 желтоқсан аралығында өтетін іс-шаралар туралы хабарлайды. 
2019 жылдың 02-11 желтоқсан аралығында Түзеу  педагогикасының  ұлттық-ғылыми практикалық орталығында психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері (ППТК) мен оңалту орталықтарының (ОО) дефектолог-педагогтарына арналған «ППТК және оңалту орталықтары жағдайларында  ерте және мектеп жасына дейінгі зерделік бұзылымдары бар балаларға педагогикалық көмек көрсетудің заманауи тәсілдері» атты біліктілікті арттыру курсы өтеді. 
Курстың мақсаты: зерделік бұзылымдары бар ерте және мектепке дейінгі балаларға педагогикалық көмек көрсетудің әлемдік үздік педагогикалық тәсілдері негізінде ППТК және ОО дефектолог-педагогтарының кәсіби дамуы.
Міндеттері: 
дефектолог-педагогтың  рөлі мен миссиясы туралы түсінігін дамыту,   ҚР арнайы және инклюзивті білім берудің дамуы, зерделік бұзылымдары бар ерте және мектепке дейінгі жастағы балаларға дамыта-түзету көмегін көрсету, отбасыларға балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамытуға байланысты кеңес беру мәселелері бойынша   педагогтардың жекелік және кәсіби тұрғыда өзін-өзі жетілдірулері; 
зерделік бұзылымдары бар балалардың дамуында түрлі бұзылыстарын жою және  түзеу-педагогикалық көмек көрсету аясында тындаушылардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру;
зерделік бұзылымдары бар балалармен педагогикалық жұмыс жасаудың қазіргі әдістерін және заманауи технологияларын қолданудың практикалық дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту барысында педагогтар зерде бұзылысы бар ерте және мектепке дейінгі жастағы балалардың психикалық дамудың проблемаларын психологиялық-педагогикалық диагностикалаудың мәселелерін,    педагогикалық жұмыс жасаудың қазіргі әдіс-тәсілдері мен формаларын зерделеп, талқылайды. 
Өту орны:  ММ «ТП ҰҒПО» Алматы қаласы.
Іс-шараның координаторы: Бағдарлама-222 «Арнайы білім беру жүйесінің психологиялық-педагогикалық кадрлардың біліктілігін жетілдіру». 

Опросы

Сайттың жаңа дизайнын бағалаңыз

Өте ұнады
Жаман емес
Қанағаттанарлық, дегенмен ...
Бұдан жақсысын да көргенмін
Мүлдем ұнамады
Результаты

Наш адрес

050008, Республика Казахстан,
г. Алматы,
ул. Байзакова 273 "А"

тел. (7 727) 394-43-18
тел./ факс: (7 727) 394-45-17
e-mail: nnpckp@mail.ru
           nnpckp@mail.kz