СҰРАҚ:
Менің улым Баккали Абдухамит Аханулы 1998 жылы туылган инвалид детство, мугедекттігіне байланысты уйде окытылады 2009 дан 2012 жыл аралыгында С.Сейфуллин атындагы орта мектепте 5-6-7-сыныптарды оку керек еді. Бірак мугалімдер уйге келіп сабак бермеді. Сабак берілді деп жалган кужаттар жасап, мемлекет тарапынан уш жыл бойы мемлекет каржысын жеп келген. Тексерген жамбыл обл. білім саласын бакылау комитеті, бірак еш шара колданбады мектеп директоры 37000 айып салынды, баска шара колданбады. Менің баламның окымай калган уш жылы енді не болады. Сабак бердік деп, жалган кужат жасап, мемлекет каржысын жеген мугалімдер мемлекет каржысын неге кайтармайды. Мугедек баламның жагдайын кім ойлайды. Сізден суранам осы жайтті тексеріп шара колдансаңыз рахмет
ЖАУАП:
Құрметті Ахан Баққалиевич!
Оқу-тәрбиелеу ұйымдарының мүгедек балаларды үйде оқытуда ата-аналарға көмек көрсету тәртібі туралы ереженің 8-т. (ҚР БҒМ 2004 жылғы 26 қарашадағы №974 бұйрығы) сәйкес үйде тегін жеке оқыту сапасын бақылау және қадағалауды ПМПК (психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес) және бала бекітілген білім беру ұйымы іске асырады. Осыған байланысты баланы үйде оқытуда тегін көмек алу үшін облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңеске қайта өтініш жасауды ұсынамыз.
Мұғалімдерден мемлекет ақшасын қайтарып алуға қатысты айтарымыз, облыстық білім саласын бакылау комитеті сіздің балаңыз бекітілген мектептен айыппұл өндіріп алды.