«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу, олармен әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық жұмысты атқару ерекшеліктері» атты курс туралы

2014 жылдың ақпан айының 24-нен наурыздың 5-сі аралығында Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығында «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу, олармен әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық жұмысты атқару ерекшеліктері» атты тірек-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар балалармен жұмыс атқарушы тәрбиешілер мен әлеуметтік педагогтардың біліктілігін жетілдіру курсы өтті. Курста Республиканың әр аймағынан мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс атқаратын 31 маман қатысып, сабаққа қатысып, дәріс алды. Дәріс тыңдаушылары ретінде мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектеп-интернаттардың, оңалту орталықтарының, арнайы түзету балабақшаларының, мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған басқа да арнайы білім беру ұйымдарында қызмет ететін тәрбиешілер, әлеуметтік педагогтар, арнайы педагог-психолог мамандар болды. 

Ұсынылған дәрістер мен практикалық сабақтарды, оңалту орталығы мен арнайы білім беру ұйымының мамандарының жұмысымен танысып, сабақтарына қатысу мүмкіндігін жоспарлаған курс жетекшіміз филология ғылымдарының кандидаты, доцент, заңгер А.Д. Сейсеноваға алғысымыз шексіз. Қазақстан Республикасындағы Арнайы педагогика саласының негізгі мақсат-міндеттері мен даму тенденциялары, арнайы білім беру саласына қатысты заңнамалық базасыға шолу жасауды курстың басында берген орынды болды. Онымен қоса Қазақстан Республикасының мүмкіндіктері шектеулі балаларға педагогикалық, психологиялық, түзету және әлеуметтік көмек көрсету жүйесін нақты түсіндірген барлығымызға да пайдалы болды. Тірек-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар балаларға көрсетілетін әлеуметтік бейімдеу мен оңалту шараларының кешені туралы ақпарат курсқа қатысушыларға нағыз керек материал болды. БЦСА бар балалардың отбасымен жұмыс жүргізу және ата-аналарға кеңес беру жолдарын терең ашып қарастырылды. Қазіргі таңда инклюзивті білім беру мәселесі барлығымызға да өзекті болғандықтан бұл саланы дамыту бойынша дәріс пен практикалық мысалдар талданып, ресми құжаттың тұжырымдамасы берілуі дұрыс болды.      
 
Медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Ғ.С. Шубаеваның «Балалардағы даму ауытқуларының жіктелуі және себептері, олардың клиникалық сипаттамасы», «Балалардың церебралды сал ауруының шығу тегі, жіктелуі, клиникасы және оны емдеу ұстанымдары мен оңалту шаралары»,  «Жүйке жүйесінің аурулары мен бұзылыс түрлері, күрделі ауытқулар», «БЦСА бар балаларды медициналық оңалту шаралары мен емдеу ұстанымдары және балалардағы талма ауруы мен зият бұзылыстарының клиникалық сипаттамасы» атты тақырыптардағы дәрістері барлығымызға қызық болып, көкейіміздегі біраз сұрақтардың жауабын бергендей болды, себебі жан-жақты ақпараттар берілді. Тыңдаушылардың сұрақтары толық талданып, нақты ақыл-кеңестер берілді.  

ТП ҰҒПО-ның әлеуметтік педагогы Естемесова Ж.Т. «Әлеуметтік педагогтардың мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс жүргізу ерекшеліктері мен рөлі. Бейімдеу және оңалту орталығында әлеуметтік педагогтың атқаратын қызметі мен жүргізетін құжаттамасы. БЦСА бар балалар мен жасөспірімдердің жас пен мінез-құлық ерекшеліктері және әлеуметтену мәселелері» атты тақырыптарды талдап, қарастырды. Әлеуметтік педагог жұмысының басты қағидалары мен қызметтік этикасы да назардан тыс қалған жоқ.  

Дефектология магистрі Ә.Ы. Ермағамбет ұсынған «Тірек-қозғалыс аппараты зақымдалған балалардың психологиялық және педагогикалық сипаттамасы», «БЦСА бар балаларды оқыту, түзете-дамыту және тәрбиелеу жұмысының педагогикалық жүйесі мен қағидалары» және «Церебралды сал ауруымен қосалқы бұзылыстардың үйлесуі бар балаларды  оқыту мен тәрбиелеудің арнайы бағдарламасы» тақырыптары тартымды да іс-тәжірибемен байланыстырыла нақты мағлұматтармен берілді, көптеген мәселелердің басын ашты. 

Жалпы курстан алған білімдерімізді жинақтап қорыту, іс-тәжірибе алмасу мақсатында ТП ҰҒПО Оңалту орталығының педагогтарының сабақтарына қатысып, БЦСА бар балалармен жұмыс түрлері бекітіле түсті. Алматы қаласының № 2 мектеп-интернатында тірек-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар балаларды арнайы оқытудың мазмұны және оны ұйымдастыру мәселелері бойынша практикалық сабақтар ұйымдастырылды. 

Сабақтарға қатыспастан бұрын Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Оңалту орталығын аралап жүргенде мекеме қызметкерлерінің мүмкіндіктері шектеулі балаларға деген мейірімділіктері мен қамқорлықтарының ерекше дәрежеде екендігін байқадық. Онымен қоса орталықтағы топтар мен кабинеттер материалдық-техникалық жағынан барынша жабдықталғандығын ерекше айтып өту қажет. 

Тыңдаушылар білімдерін жан-жақты жетілдіріп, аз ғана уақытта бір-біріне бауыр басып, бір-бірінің мекен-жайларымен алмасып, көктемнің алғашқы мерекесі қарсаңында келбетті Алматы қаласын артқа қалдырып елдеріне тарасты. Әркімнің ойында жұмыс орнында болашақта енгізетін өзгеріс-жаңалықтары мен алған тәжірибеден қорытындылар болды. ТП ҰҒПО-ның басшысы педагогика ғылымдарының кандидаты Г.С. Оразаеваға, бүкіл ұжымға, дәріс оқыған оқытушыларға, курсты ұйымдастырушы жетекшіміз филология ғылымдарының кандидаты, доцент А.Д. Сейсеноваға, әдіскер Г.Н. Қасымжановаға деген алғыстарымыз шексіз. Курс нәтижелі, тыңдаушылар үшін табысты болды. Тыңдаушылар атынан мың алғыс, шығармашылық табыс пен еңбектеріңізге табыс тілейміз! Сіздердің таратқан білім-ғылымдарыңыз еліміздің әр түкпірінен өз жалғасын табатынына сенімдіміз! Ұйымдастырушылар алқасына алғысымыз шексіз. Барлықтарыңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қажымас қайрат, талмас еңбек, шығармашылық табыс тілейміз! Еліміз аман, ұлтымыз сау болсын!
 
                                             Пікір жазушы: тыңдаушылар атынан Ақмола облысы
Көкшетау қаласының № 19 ОМ  
педагог-психологы Мурзатаева К.А.


 

Опросы

Оцените новый дизайн сайта

Очень понравился
Неплохо
Устраивает ... но ...
Встречал и получше
Совсем не понравился
Результаты

Наш адрес

050008, Республика Казахстан,
г. Алматы,
ул. Байзакова 273 "А"

тел. (7 727) 394-45-07
тел. (7 727) 394-45-15
тел./ факс: (7 727) 394-45-17
e-mail: nnpckp@mail.ru
           nnpckp@mail.kz