Біздің таланттар

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Арнайы және инклюзивті білімді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ-де ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен 2021 жылғы Операциялық жоспар жұмысына сәйкес ағымдағы жылдың сәуірінен бастап «Біздің таланттар» атты музыкалық-шығармашылық конкурсы өткізілді.

Конкурс мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтендіру және шығармашылық тұрғыдан өз қабілетін жүзеге асыруы үшін жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылды.

«Біздің таланттар» конкурсы шеңберінде Алматы қаласы мен Алматы облысының оңалту орталықтары мен психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің мүмкіндіктері шектеулі балалары мен жасөспірімдеры қатысты.

Конкурс «Алтын дауыс», «Үздік көркем сөз оқушы», «Кішкентай биші», «Жас суретші», «Оркестр» және «Бармағынан бал тамған» номинациялары бойынша өткізілді. (Конкурс туралы ережені қоса беріп отырмыз). Республикалық қазылар алқасының құрамы: АИБД ҰҒПО РММ директоры – А. М.Күдеринова, АӘБ әдіскері - Д. Х. Құлтаев, Алматы қ. Білім басқармасының аға маманы - Ж.О.Сағындықова, журналист и продюсер - М. Г. Садықов, музыкалық жетекші - И. В.Соснякова, қалалық мәслихат депутаты және Алматы қ. №169 мектеп-лицей директоры - Г.М.Бекенова, режиссер-хореограф – М. М.Агабылов.

Өтіп бара жатқан көктемнің соңғы айы бойы қазылар алқасы отырыстарда балалардың конкурстық жұмыстарын бірлесіп бағалады. Байқауға 100-ге жуық бала қатысты, бұл өз кезегінде балалардың ата-аналары мен мамандарының шығармашылық белсенділігін көрсетеді. Конкурс қорытындысы бойынша финалға шыққандар анықталды:

 

«БАРМАҒЫНАН БАЛ ТАМҒАН» номинациясында:

Гран-при

«Туған өлкемдегі Наурыз» атты саздан жасалған панно - АИБД ҰҒПО №5 тобы;

1-ші орын

Адель Көбеева («Талдықорған қ. есту қабілетінің бұзылысы бар балаларға арналған ОАМИ» КММ);

1-ші орын

Әжібек Шыңғыс («Талдыкорган қ. есту қабілетінің бұзылысы бар балаларға арналған ОАМИ» КММ);

2-ші орын

Зайцева Екатерина («Есік қ. есту қабілетінің бұзылысы бар балаларға арналған ОАМИ» КММ);

3-ші орын

Жубатхан Нұрсәт «Қаскелен қ. есту қабілетінің бұзылысы бар балаларға арналған ОАМИ» КММ)

 

«КІШКЕНТАЙ БИШІ» номинациясында:

Гран-при

«Ох, Сережка»биі (АИБД ҰҒПО3,4топтары);

1-ші орын

Абдул Кудус Разия («Қаскелен қ. есту қабілетінің бұзылысы бар балаларға арналған ОАМИ» КММ);

2-ші орын

Әлімжанова Гухарбанум («Есік қ. есту қабілетінің бұзылысы бар балаларға арналған ОАМИ» КММ );

3-ші орын

Камалова Лейла (Шамалған а. №17 ППТК);

«АЛТЫН ДАУЫС» номинациясында:

Гран-при

Раимбекова Айниса (АИБД ҰҒПО№4 тобы);

1-ші орын

Тілес Нұрәли («Есік қ. есту қабілетінің бұзылысы бар балаларға арналған ОАМИ» КММ);

2-ші орын

Есбосын Томирис (Қапшағай қ. №4 ППТК);

3-ші орын

Тастүлекова Аружан («Есік қ. есту қабілетінің бұзылысы бар балаларға арналған ОАМИ»КММ)

 

«ОРКЕСТР» номинациясында:

Гран-при

«Ложкари» ансамблі («Талдыкорган қ. есту қабілетінің бұзылысы бар балаларға арналған ОАМИ» КММ);

1-ші орын

«Заиграли ложки» оркестрі (АИБД ҰҒПО№1, 2 топтары);

2-ші орын

«Солнышко» оркестрі (Қапшағай қ. №4 ППТК);

Гран-при

«Теремок» қойылымы (АИБД ҰҒПО3,4 топтары);

1-ші орын

«Антошка» сахналық көрінісі (АИБД ҰҒПО5,6 топтары);

2-ші орын

«Лучики» тобы (Ескелді ауданының №12 ППТК);

 

«ҮЗДІК КӨРКЕМ СӨЗ ОҚУШЫ» номинациясында:

Гран-при

Құмарбек Мади (Текелі қ. №2 ППТК);

1-ші орын

Роменских Николай «Есік қ. есту қабілетінің бұзылысы бар балаларға арналған ОАМИ» КММ);

2-ші орын

 

Васильева Ульяна (Қаратал ауданының №3 ППТК);
3-ші орын

 

Ертаева Інжу (Қаратал ауданының №3 ППТК).

2021 жылдың 1 маусымында Конкурс қорытындысы бойынша мерекелік Гала-концерт өтті, оған Гран-при және бірінші орын иегерлері шақырылды. Карантин бойынша шектеулерге байланысты финалға шыққандардың барлығы марапаттау рәсіміне қатыса алмады. Мерекеге келесі ұйымдардың өкілдері мен қатысушылары қатысты:

«Кішкентай биші» номинациясы бойынша 1-ші орын иегері «Қаскелен» қ. есту қабілетінің бұзылысы бар балаларға арналған ОАМИ» КММ-нен Абдул Кудус Разия, музыкалық жетекшісіЖанат Баймуратовна Калиева және «Есік» қ. есту қабілетінің бұзылысы бар балаларға арналған ОАМИ» КММ-нің финалға шыққан оқушылары Роменских Николай, Тілес Нұрәли музыкалық жетекшілері Айнаш Болатовна Елеуовна.Балаларға мақтау қағаздары мен сыйлықтар тапсырылды.

АИБД ҰҒПО РММ ақпараттық қолдау көрсеткені үшін Алматы қ. Нұр-Отан партиясына зор алғысын білдіреді.


Біздің таланттар
 

Біздің таланттар


Біздің таланттар


Біздің таланттар

 

Біздің таланттар

 

Біздің таланттар

 


 


Опросы

Сайттың жаңа дизайнын бағалаңыз

Өте ұнады
Жаман емес
Қанағаттанарлық, дегенмен ...
Бұдан жақсысын да көргенмін
Мүлдем ұнамады
Результаты

Наш адрес

050008, Республика Казахстан,
г. Алматы,
ул. Байзакова 273 "А"

тел. (7 727) 394-45-07
тел. (7 727) 394-45-15
тел./ факс: (7 727) 394-45-17
e-mail: nnpckp@mail.ru
           nnpckp@mail.kz