Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау және жалпы білім беретін мектепте балаларға қолдау көрсету

Бүгін жалпы білім беретін мектептердің педагогтарына арналған «Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау және жалпы білім беретін мектепте балаларға қолдау көрсету» біліктілікті арттыру курсы аяқталды. Курс тыңдаушылары Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Ақтөбе облыстарының, Алматы және Шымкент қалаларының оқу ісі жөніндегі меңгерушілері, мектеп мұғалімдері болды.

Курсты ұйымдастыру, вебинарлардың құрылымы тыңдаушыларға білім берудегі инклюзия мәселелерінің кең ауқымын қамтуға, ағымдағы жағдайдың мәнін түсінуге, ҚР инклюзивтік білім беруді дамыту проблемаларының шешімдеріне талдау жасауға мүмкіндік берді. Дәріс материалдары қарапайымнан күрделіге дейін негізделіп, практикалық мысалдармен, курс оқытушылары Ж.Б. Аханова мен Т. А. Жанғазиеваның кәсіби тәжірибесінен алынған фактілермен толықтырылды. Курс бағдарламасы оқушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін анықтау мен бағалауда және оларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуде қатысушылардың құзыреттілігін дамытты.

Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушылар білімдерін бекітті және ҚР нормативтік құқықтық актілерімен бекітілген инклюзивті білім беруді дамытудың мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарын; оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауда әлеуметтік - педагогикалық тәсілді іске асыру және мектепке қолдау көрсету айқындамаларын толықтырды. Қатысушылар - мектеп педагогтары - командалық тәсіл қағидаттарына сәйкес жалпы білім беретін мектеп жағдайында оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін педагогикалық бағалау алгоритмі мен әдістерін игерді, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мамандарымен, ата-аналармен тиімді өзара іс-әрекет жасау, оқу бағдарламаларын бейімдеу және жекелендіру процесінде, педагогикалық тәсілдер, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері және оларды жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие процесінде іске асыру дағдыларын игерді.

Әр курстың міндетті құрама бөлігі - тыңдаушылармен кері байланыс қатысушылардың сұхбаты, олардың өз тәжірибелерін көрсету, пайдалы ақпаратпен алмасу түрінде жүзеге асырылды.

Оқыту қорытындысы бойынша тыңдаушылар курс аяқталғаны туралы сертификаттар, ауқымды әдістемелік материалдар, ұсынылған әдебиеттер тізімі, әзірленген құжаттама үлгілерін алды.

Курстарға қатысушылар АИБД ҰҒПО ұжымына және басшылығына алғыстарын білдірді. Курс тыңдаушылары өз тәжірибесінде біз олармен жұмыс барысында бөліскен идеяларды қолдана алатынына сенімдіміз. Кәсіби сұхбат жалғасады деп үміттенеміз!

 Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау және жалпы білім беретін мектепте балаларға қолдау көрсету
Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау және жалпы білім беретін мектепте балаларға қолдау көрсету

Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау және жалпы білім беретін мектепте балаларға қолдау көрсету

Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау және жалпы білім беретін мектепте балаларға қолдау көрсету

Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау және жалпы білім беретін мектепте балаларға қолдау көрсету

 Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау және жалпы білім беретін мектепте балаларға қолдау көрсету

Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау және жалпы білім беретін мектепте балаларға қолдау көрсету

Опросы

Сайттың жаңа дизайнын бағалаңыз

Өте ұнады
Жаман емес
Қанағаттанарлық, дегенмен ...
Бұдан жақсысын да көргенмін
Мүлдем ұнамады
Результаты

Наш адрес

050008, Республика Казахстан,
г. Алматы,
ул. Байзакова 273 "А"

тел. (7 727) 394-45-07
тел. (7 727) 394-45-15
тел./ факс: (7 727) 394-45-17
e-mail: nnpckp@mail.ru
           nnpckp@mail.kz