Ресурстық орталық "Дара" қорының қолдауымен ашылды.

ҚР БҒМ арнайы және инклюзивті білім беруді дамыту орталығының базасында 2021 жылғы 25 маусымда Инклюзивті білімге қолдау көрсету ресурстық орталығының ашылуы болды. Ашылу салтанатына ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің бас маманы Ардақ Қуандыққызы Айтжанова, «Дара» қорының жобалар мен бағдарламалар директоры Марал Серікбайқызы Шешембекова, педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы ҚазҰПУ арнайы педагогика факультетінің деканы Ғалия Әскербекқызы Абаева, Ақмола облысы Үйлестіру кеңесінің басшысы Ыбыраев Марат Өмірбайұлы; № 27 мектеп директорының орынбасары, Ресурс орталығының жетекшісі Дауылбаева Клара Токенқызы; «Ashyk Alem» ҚҚ президенті, мүгедек адамдардың құқықтары конвенциясын іске асыру бойынша баламалы баяндаманың жұмыс тобының қатысушысы Архарова Алия Сагидуллаевна; п.ғ.к,АИБД ҰҒПО ғылыми ме­­­­­ктеп зертханасының меңгерушісі Елисеева Ирина Геннадьевна қатысты.

Ресурстық орталықтың негізгі мақсаты жалпы білім беру ұйымдарында ЕБҚ бар балаларды оқыту процесін ғылыми-практикалық, әдістемелік және әдіснамалық сүйемелдеу болып табылады. Біздің Ресурстық орталық педагогтарды оқыту және инклюзивтік практикаларды енгізу бойынша өңірлік ресурстық орталықтармен өзара іс-әрекет жасайтын болады. Ресурстық орталық "Дара" қорының қолдауымен ашылды. Барлығына сәтті күн және жемісті жұмыс тілейміз!

 

 

Ресурстық орталық "Дара" қорының қолдауымен ашылды.

 

Ресурстық орталық "Дара" қорының қолдауымен ашылды.

 

Ресурстық орталық "Дара" қорының қолдауымен ашылды.

 


 


Опросы

Оцените новый дизайн сайта

Очень понравился
Неплохо
Устраивает ... но ...
Встречал и получше
Совсем не понравился
Результаты

Наш адрес

050008, Республика Казахстан,
г. Алматы,
ул. Байзакова 273 "А"

тел. (7 727) 394-45-07
тел. (7 727) 394-45-15
тел./ факс: (7 727) 394-45-17
e-mail: nnpckp@mail.ru
           nnpckp@mail.kz