Диагностикалық-консультациялық бөлім қызметінің мазмұны

1) Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау мақсатында туғаннан 18 жасқа дейінгі балаларды кешенді тексеру және консультация беру бағдарламалары мен әдістерін әзірлеу және сынақтан өткізу;

 2) 0-ден 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру:

- әзірленген зерттеу бағдарламаларын сынақтан өткізу, жаңа әдістер мен технологияларды енгізу;
- АИБД ҰҒПО-ның оңалту және жаңа технологияларды енгізу бөлімінде дамытушы психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге көрсеткіштер белгілеу;
- ата-аналардың (заңды өкілдердің) сұратуы бойынша өңірлік психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда тексеруден өткен балалардың психикалық-дене дамуын сараптамалық бағалауды қамтиды;

3) Білім беру бағдарламасының түрін; білім беру ұйымдарында оқыту мен тәрбиелеудің арнайы жағдайларында ерекше білім беру қажеттіліктерін айқындау;

4) Тексеру нәтижелері бойынша ата-аналарға кеңес беру. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды дамыту мәселелері бойынша ата-аналарға, мұғалімдерге, білім беру ұйымдарының мамандарына консультациялық көмек көрсету мақсатында ұсынымдар әзірлеу;

5) Қазақстан Республикасы бойынша мүмкіндіктері шектеулі балалар туралы, олардың білім беру қызметтеріне қажеттіліктері туралы жиынтық статистикалық есептілікті қалыптастыру; Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалар туралы есепке алу туралы талдамалық анықтама жасау;

6) Облыстық, қалалық және аудандық ПМПК әдістемелік көмек көрсету, ПМПК мамандарының біліктілігін арттыру;

7) Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету (әдістемелік ұсынымдар, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға диагностика жасау және консультация беру жөніндегі анықтамалық нұсқаулар әзірлеу);

8) Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды дамыту, оқыту, тәрбиелеу және әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау ұйымдарының қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстары;

9) Жалпы және арнайы білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау органдарымен және ұйымдарымен ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды анықтау, әлеуметтік және медициналық-педагогикалық қолдау көрсету бойынша ынтымақтастықты және қызметті үйлестіру.


Опросы

Оцените новый дизайн сайта

Очень понравился
Неплохо
Устраивает ... но ...
Встречал и получше
Совсем не понравился
Результаты

Наш адрес

050008, Республика Казахстан,
г. Алматы,
ул. Байзакова 273 "А"

тел. (7 727) 394-45-07
тел. (7 727) 394-45-15
тел./ факс: (7 727) 394-45-17
e-mail: nnpckp@mail.ru
           nnpckp@mail.kz