РПМПК-ға қабылдау тәртібі

Ата-аналар Республикалық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңеске өз таңдауы не дәрігерлер және педагогтардың кеңесімен жүгінуі мүмкін. 14 жастан асқан жасөспірімдерді өз еркімен және ата-аналарынсыз қабылдау мүмкін.

Республикалық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңеске 394-45-07 және 394-45-15 телефондары бойынша жазылуға болады. Алғашқы қабылдауға ата-аналар медициналық және әлеуметтік-психологиялық анамнезді жинақтау мақсатында балаларсыз шақырылады. Төмендегідей құжаттар болғаны жөн:

  • - медициналық (емханадағы) кәртішке (№ 112 форма),
  • - параклиникалық және өзге тексерістердің (ЭХОЭГ, ЭЭГ, КТГ, көз түбі т.б.) нәтижелері,
  • - есту және көру қабілеттері туралы дәрігерлердің (генетик, эндокринолог, ортопед) қорытындылары,
  • - балаға тәрбиеші, мұғалім не логопедтің психологиялық-педагогикалық мінездемесі,
  • - оқытуда қиындықтары бар мектеп жасындағы балаларға ана тілі мен математика сабақтары бойынша мектептегі дәптерлері және суреттері,
  • - мүгедектігі туралы анықтама (мүгедектігі бар балалар үшін).

Мамандардың кешенді түрдегі тексерісінен кейін баланың дене және психикалық дамуының бұзылыстары туралы қорытынды жасалып, ата-аналарға баласын емдеу, оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңес беріледі. Қажет болған жағдайда көру және есту қабілеттеріндегі бұзылыстардың жоқ екендігін растау мақсатында баланы офтальмолог пен сурдологқа тексеріске жіберуі мүмкін.

РПМПК-ның қорытындысы және нұсқауы негізінде баланы тиімді оқыту мен тәрбиелеу жағдайларын анықтау мақсатында қалалық және облыстық ПМПК-ға жолдауы мүмкін. Әр бала Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығында әлеуметтік, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес пен көмекті алуға құқылы.


Опросы

Оцените новый дизайн сайта

Очень понравился
Неплохо
Устраивает ... но ...
Встречал и получше
Совсем не понравился
Результаты

Наш адрес

050008, Республика Казахстан,
г. Алматы,
ул. Байзакова 273 "А"

тел. (7 727) 394-43-18
тел./ факс: (7 727) 394-45-17
e-mail: nnpckp@mail.ru
           nnpckp@mail.kz