Тарих

     «Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» мемлекеттік мекемесі (ТП ҰҒПО ММ-і) 1992 жылдың наурыз айының 31-ндегі ҚР-ның Министрлер Кабинетінің № 305 Қаулысы және ҚР-ның Білім Министрінің 1992 жылдың сәуір айының 30-ндағы «Ақыл-ой және дене дамуында ақаулары бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және кәсіби-еңбекпен оңалтудың Республикалық орталығын құру туралы» № 200 Бұйрығына негізделе отыра құрылды.

 

Түзеу педагогикасының Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырушысы және алғашқы басшысы – педагогика ғылымдарының докторы, профессор Роза Айтжановна Сулейменова.

Арнайы білім беру саласында ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізіп, дамуында түрлі бұзылыстары бар балаларды диагностикалау, оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша көмек бере алатын қызмет ету қағидалары тұрғысынан жаңа типтегі орталықты құру идеясы уақыт талабы болды.Оған дейін Қазақстанда арнайы білім беру саласының мәселелерімен айналысатын бірде-бір ғылыми-зерттеу зертханасы не институт болған емес. Бұндай жағдай Роза Айтжановнаны арнайы білім беру саласын әдістемелік, құқықтық және ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз мәселелерімен айналысатын Орталық құруға итермеледі.

Р.А. Сулейменованың басшылығымен балаларға ерте жастан түзете-педагогикалық көмек көрсету жүйесі құрылып, арнайы білім беру ұйымдарының жаңа түрлері ретінде қызмет атқара бастаған төмендегідей жаңа ұйымдардың модельдері ұйымдастырылып, жүзеге асырыла бастады: психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестер (ПМПК), Оңалту орталықтары (ОО-ы), психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері (ППТК), лекотека. Аталмыш ұйымдардың барлық түрі Р.А. Сулейменованың бастамасы негізінде құрылып, ол кісінің жетекшілігімен 2002 жылы қабылданған ҚР-ның «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңына енгізілді.

2000 жылдың мамыр айының 6-нда орталық ҚР-ның Білім және ғылым Министрінің № 439 бұйрығына сәйкес «Ақыл-ой және дене дамуында мәселелері бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және кәсіби-еңбекпен оңалтудың Республикалық ғылыми-практикалық орталық» деп қайта аталды.

2004 жылдың ақпан айының 25-нде Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 222 Қаулысына сәйкес мекеме Ұлттық орталық мәртебесін алды.

«Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Алматы қаласы, И. Байзақов көшесі, 273 А-үй.

 
     Кудеринова Айгерим Мерекеевна«Арнайы және инклюзивтік білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ директоры. 1991 жылы Қарағанды педагогикалық институтының дефектология факультетін «Мұғалім-логопед, мектепке дейінгі ұйымдардың логопеді» мамандығы бойынша «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» қосымша мамандығымен аяқтады.

1991-1992 жылдары жалпы білім беретін мектепте логопед болып жұмыс істеді. 1992-2000 жылдары Қарағанды мемлекеттік медицина институтында оқытушы болып жұмыс атқарды.

2000 жылдан бастап 2004 жылға дейін «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес» ММ-де логопед болып жұмыс істеді. 2004 жылдан бастап білім беру саласына мемлекеттік қызметке ауысты. 2004-2007 жылдары Қарағанды қаласының білім бөлімінде бас маман болып жұмыс істеді. 2007 жылдан 2011 жылға дейін Қарағанды облысы білім Басқармасының тәрбие жұмысы, арнайы және қосымша білім беру бөлімінің бастығы лауазымында жұмыс атқарды. 2011 жылдан 2020 жылдың қазан айына дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінде жұмыс істеді.

Білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған, Ы. Алтынсарин атындағы медаль иегері.

Жұмыс тәжірибесі: арнайы және инклюзивтік білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, арнайы білім беруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету мәселелері бойынша түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығының қызметін үйлестіру. Елдегі арнайы білім беру ұйымдарының желісін кеңейту бойынша жұмысты ұйымдастыру. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының. инклюзивтік білім беруді дамыту мәселелері бойынша қызметін үйлестіру. Білім беру саласында халықаралық ынтымақтастықты, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту.


 

«Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» ММ-нің қызметтерінің мақсаты

 

Қазақстан Республикасында білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік және түзете-педагогикалық тұрғыдан қолдау жүйесін құрып, жетілдіру мақсатында ғылыми, нормативтік, оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуін дайындап, апробациядан өткізу және енгізу.

 

ТП ҰҒПО-ы қызметінің салалары

- арнайы және инклюзивті білім беру саласында ғылыми зерттеулер;

- практикалық түзету қызметі;

- білім алуда ерекше қажеттіліктері балаларды әлеуметтік және түзете-педагогикалық қолдау жүйесін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуді дайындау;

- дене және психикалық дамуындағы бұзылыстарды диагностикалауды жетілдіру;

- дамуында, оқуда, қарым-қатынас пен мінез-құлығында мәселелері бар балалардың түрлі топтарына қатысты жаңа педагогикалық технологияларды апробациядан өткізіп, енгізу;

- білім алуда ерекше қажеттіліктері балаларды оқытатын жалпы және арнайы білім беру ұйымдарының педагогтарының қызметін жетілдірубойынша әдістемелік жетекшілік және көмек көрсету;

- дамуында бұзылыстары мен кешеуілдеулері бар тұлғаларды диагностикалау, түзету, оқыту мен тәрбиелеу салаларында халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру;

- ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға арнайы білім беру және кәсіби-еңбекке үйрету жүйесінің тиімділігін қарастырып, оны қалыптастыруға қатысу;

- ақыл-ой және дене дамуында бұзылыстары бар балаларға арналған мектепке дейінгі және арнайы мектеп ұйымдарының қызметін оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету;

- түзете-білім беру үдерісіне көмекші технологияларды кең түрде енгізу.

 

«Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» ММ-нің құрылымы

1. Оңалту орталығы.

2. Республикалықпсихологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес.

3 . Ғылыми-зерттеу бөлімі:

·Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды кешенді түрде диагностикалау және оңалту зертханасы.

·Мектепте арнайы білім беру зертханасы.

·Мектепке дейінгі арнайы білім беру зертханасы.

·Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар қазақ тілді балаларға мектепте арнайы білім беру зертханасы.

4 . Ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі.

5. Арнайы білім беру саласындағы кадрлардың біліктілігін көтеріп, оларды қайта дайындау.

 

«Балаларды сауықтыру, оңалту және олардың демалысын ұйымдастыру» атты № 019 Бюджеттік бағдарлама

«Балаларды сауықтыру, оңалту және олардың демалысын ұйымдастыру» атты № 019 Бюджеттік бағдарлама бойынша қабылдау нормасы жылына 1418 бала.

 

Оңалту орталығы қызметінің міндеттері:

Дамуында ерекше қажеттіліктері бар туылғаннан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге кешенді түрдегі психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.

Оңалту орталығы қызметінің бағыттары:

·баланың дамуындағы мәселелерді мамандардың пәнаралық командасының кешенді түрде зерттеуі;

·білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқытудың жеке дамыту бағдарламаларын дайындап, құру;

·ғылыми-зерттеу бөлімі дайындаған инновациялық педагогикалық технологияларды енгізу;

·арнайы білім беру ұйымдарының педагогтарына әдістемелік көмек беру;

·білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу және олардың күтімі бойынша ата-аналарға кеңес беру мен оқыту.

Жыл сайын «Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» ММ-нің оңалту орталығында білім алуда ерекше қажеттіліктері бар 420 бала кешенді түрде психологиялық-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік көмек алады.

Оңалту орталығы баланың тұрғылықты жеріне қарамастан білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар мен олардың отбасыларына кешенді түрде көмек көрсетеді. Орталықта Алматы, Ақмола, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Павлодар, Оңтүстік-Қазақстан және Шығыс-Қазақстан облыстары мен Астана қаласында тұратын балалар тиімді түрдегі түзету қызметтерін алады. Бұл балалар тұрғылықты жері бойынша қажетті түзету қызметтерін ала алмағандықтан бізге жүгінуде. Біздің орталықта жыл сайын кәсіби деңгейін жоғарылатып, құзыреттіліктерін танытатын мамандар қызмет етуде, сондықтан еліміздің түкпір-түкпірінен балаларымен отбасылар бізге келуде.

Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығының оңалту орталығындабілім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған 6 күндізгі топ қызмет етуде. Оңалту орталығы ғылыми-зерттеу бөлімінде жүргізіліп отырған ғылыми зерттеулерді апробациядан өткізу мақсатындағы тәжірибелік алаң болып табылады.

 

Республикалық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес (РПМПК) қызметінің міндеттері

1. Дамуында ерекшеліктерді анықтау, аңғарымды қою, емдеу, оқыту мен тәрбиелеу жағдайларын белгілеу мақсатында балалар мен жасөспірімдерді психологиялық-медициналық-педагогикалық тұрғыдан тексеру.

2. Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды анықтап, олар туралы статистикалық ақпаратты жинақтап, талдау.

3. Облыстық ПМПК, арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының мамандарына практикалық және әдістемелік көмек көрсету (аймақтарға бару арқылы).

4. ПМПК мамандарына арналған жыл сайынғы біліктілікті жоғарылату курстары.

5. Әдістемелік және практикалық материалдарды дайындау: ПМПК жағдайында диагностикалық-кеңес беру жұмысын жүргізу бойынша ұсынылымдар.

Жыл сайын РПМПК дамуында бұзылыстары бар 1000-нан асабаланы тексерістен өткізеді.

РПМПК Қазақстан Республикасы бойынша мүмкіндіктері шектеулі балалардың статистикалық есебін жүргізіп, елде бар 55 ПМПК қызметіне талдау жасайтын жалғыз ұйым. Аналитикалық анықтама ҚР БжҒМ-не тапсырылады.

 

№ 217 БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМА: «ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ»

Ғылыми-техникалық бағдарламалардың № О.0527«Арнайы білім беру саласын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, мазмұны, түрлері мен әдістерін жетілдіру»атты мемлекеттік реестрге ғылыми-техникалық бағдарламаны енгізу туралы куәлік. Орындау мерзімі 2010-2012 жылдар.

Ғылыми-техникалық бағдарламалардың № О.0630«Арнайы білім беру саласының ұйымдастыру-технологиялық негіздері, мектепке дейінгі жалпы білім беретін және жалпы мектептерде мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау» атты мемлекеттік реестрге ғылыми-техникалық бағдарламаны енгізу туралы куәлік. Орындау мерзімі 2013-2015 жылдар.

Ғылыми-техникалық бағдарламалардың № О.0766«Арнайы білім беру саласын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету» атты мемлекеттік реестрге ғылыми-техникалық бағдарламаны енгізу туралы куәлік. Орындау мерзімі 2016-2018 жылдар.

Ғылыми-зерттеу жұмысы аумағында жыл сайын ТП ҮҒПО-ның оңалту орталығында, арнайы білім беру ұйымдарында, инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ұйымдарда апробациядан өтетін 12 әдістемелік нұсқаулық дайындалады. ТП ҰҒПО-нда дамуында ауытқулары бар балаларды есепке алу әдістемесі жасалып, балалар, олардың қажеттіліктері мен көмек көлемі туралы мәліметтердің автоматты банкі жинақталып, сәбилер, мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың дамуындағы ауытқуларды диагностикалауды әдістемелік қамтамасыз ету міндеттері шешілген. Орталық зерттеулерінің нәтижелері бойынша Қазақстанда ерте жастан кірігу жүйесін ұйымдастырудың негізгі қағидалары ұсынылды. Қазақстан Республикасының ерекшеліктері ескеріле отыра балалардың дамуындағы бұзылыстарға ерте жастан кірігу қызметтерін ұйымдастыру мақсатында негізгі әдістемелер жасалып, мүмкіндіктері шектеулі балаларды арнайы білім беру ұйымдарында оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізілді.

Қазіргі таңда мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беру үдерісіне қосудың теориялық және әдістемелік негіздерін жасау жұмысы ұйымдастырылуда.

2015 жылы жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі ретінде 16 әдістемелік нұсқаулық болып табылады.

 

099 БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМА: «МЕКТЕПТЕ САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУГЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ»

Міндеттері: Мүмкіндіктері шектеулі балаларды түзете оқыту мен тәрбиелеу үдерісін әдіснамалық және оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуді жетілдіру, арнайы білім беру саласына ақпараттық технологияларды ендіру. Арнайы білім беру саласының қызметін мониторингтен өткізу (оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, ППТК мен ОО-ның қызметтерін мониторингілеу).

Ақпараттық-әдістемелік бөлім төмендегідей жағдайларды мониторингтен өткізеді: арнайы білім беру ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету; республикамыздың психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері (ППТК) мен оңалту орталықтарының (ОО-ы) қызметі; көру қабілетінде бұзылыстары бар (көрмейтін және нашар көретін) балаларға арналған арнайы мектептерді оқу әдебиеттерімен қамтамасыз етуді мониторингтен өткізу. Арнайы білім беру ұйымдарын статистикалық есепке алу.

Жыл сайын мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту үдерісін қамтамасыз ету мақсатында 3 әдістемелік нұсқаулық дайындалады.

 

222 БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМА: «ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ (АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ) БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҰЙЫМДАРДЫҢ КАДРЛАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРЫП, ҚАЙТА ДАЙЫНДАУ»

Міндеттері: сала бойынша білімі бар және кәсіби біліктілігі анықталған мамандардың (педагог-дефектологтар, психологтар, логопедтер) кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру.

№ 222 бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында жыл сайын 320 адамға дейін қамтылған арнайы білім беру ұйымдарының педагогтарының біліктілігін жоғарылату бойынша 13-14 курс ұйымдастырылып, өткізіледі.

2013-2015 жылдар аралығында 41 курс оқылды. Республиканың әртүрлі өңірлерінен келген 1000-нан аса тыңдаушы курстан өткендігі және біліктілігін жоғарылатқандығы туралы сертификаттар алды.Тыңдаушылар санаттары төмендегідей: арнайы білім беру ұйымдарының сурдопедагогтары, әлеуметтік педагогтар, психологтар,тірек-қимыл аппаратында бұзылыстары бар балалармен жұмыс жасаушы дефектологтар,түзету кабинеттері мен оңалту орталықтарының логопедтері, ПМПК мамандары және т.б.

Түзеу педагогикасының Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырушысы және алғашқы басшысы Сулейменова Р.А.
Қазіргі кезде Сүлейменова Р.А. орталықтың арнайы педагогика саласында зерттеулер жүргізетін, ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижелерін практикаға енгізу жөнінде ғылыми-зертеу жұмыстарының бас –сарапшысы қызметін атқарады. 

Ал енді ТП ҰҒПО құрылуы жөнінде біраз мәліметтер.

Арнайы білім беру жүйесінде принципті тұрғыда жаңа типті оңалту орталығын құру идеясы уақыт талабы болды. 
Осы кезге дейін Қазақстанда бірде-бір ғылыми зерттеу зертханасы,  сонымен бірге бірден-бір әдістемелік, құқықтық және ақпараттық қамтама мәселлермен айналысатын Орталық болған емес.

31.03.1992 ж. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің «Ақыл-ой және дене дамуында кемішіліктері бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және еңбекпен оңалту орталығын құру туралы»  № 305 Қаулысы қабылданды.  Соған сәйкес  Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің 30.04.1992 ж. " Ақыл-ой және дене дамуында кемішіліктері бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және еңбекпен оңалтудың Республикалық орталығын құру туралы»   № 200 Бұйрығы шығарылды (ӘБЕО РҒПО). 
2004 жылы орталыққа Ұлттық статус беріліп, Түзеу педагогикасының Ұлттық-ғылыми практикалық орталығы деген атау берілді. (ТП ҰҒПО). 




Опросы

Оцените новый дизайн сайта

Очень понравился
Неплохо
Устраивает ... но ...
Встречал и получше
Совсем не понравился
Результаты

Наш адрес

050008, Республика Казахстан,
г. Алматы,
ул. Байзакова 273 "А"

тел. (7 727) 394-45-07
тел. (7 727) 394-45-15
тел./ факс: (7 727) 394-45-17
e-mail: nnpckp@mail.ru
           nnpckp@mail.kz