Біліктілікті арттыру бөлімінің қызметі

  • 15.06.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 489

Біліктілікті арттыру бөлімі арнайы және инклюзивті білім берудің  психологиялық-педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын  «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» (бұдан әрі – АИБД ҰҒПО) республикалық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Әдіскер: Калдыбаева Алия Аликовна

 nnpckp-kursy@mail.ru 

тел/факс: 8(727) 395-83-29

Біліктілікті арттыру бөлімінің мақсаты - заманауи талаптарға және заманауи психологиялық-педагогикалық тәсілдер мен білім беру-түзету практикасы негізінде білім алуда ерекше қажеттілігі бар балалармен жүргізілетін түзету-педагогикалық жұмысының жаңа әдістерін игеру қажеттілігіне сәйкес арнайы және инклюзивті білім берудің психологиялық-педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және оқу-әдістемелік қолдау болып табылады.

 

Негізгі функциялары:

· Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен арнайы және инклюзивті білім беру жүйесінің психологиялық-педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету арқылы білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларын меңгеруі үшін жағдай жасау;

· арнайы және инклюзивті білім беру саласында жалпы, атап айтқанда, психологиялық-педагогикалық түзету жұмысы, ҚР ерекше білім беруді қажет ететін балаларды әлеуметтік қолдау және психологиялық-педагогикалық қолдау саласындағы жаңа жетістіктер туралы білім алуда мамандардың қажеттілігін қанағаттандыру;

· педагогтердің, мамандардың теориялық және практикалық дағдыларын жаңарту, олардың кәсіби дамуы мен өзін-өзі дамытуын қамтамасыз ету;

· ғылыми-педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату;

· білім беру процесінің әдістемелері мен технологияларын жетілдіру, тыңдаушыларды оқытуда және курстан кейінгі қолдауда тиімді нысандар мен әдістерді іздеу және енгізу;

· оқыту сапасының мониторингі; тыңдаушыларды даярлауды кешенді бағалау жүйесін құру;

курстан кейінгі қолдау және тыңдаушыларға алған білімдерін практикалық жұмыста іске асыруға әдістемелік көмек көрсету.

 

Біліктілікті арттыру бөлімінің негізгі міндеттері:

 

1. ҚР арнайы және инклюзивті білім беру жүйесінің қажеттіліктерін, негізгі үрдістерін және жағдайын зерделеу негізінде тыңдаушыларды оқытудың басым бағыттарын айқындау;
2. интеллектуалдық, сөйлеу, сенсорлық және қозғалыс  бұзылыстары бар балаларға арналған мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарының психологиялық-педагогикалық кадрларына; психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларына; психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттеріне; оңалту орталықтарына; логопункттеріне; жалпы білім беретін білім беру ұйымдары жанындағы арнайы сыныптар мен топтарына; құрамында мүмкінктері шектеулі балалары бар мектептеріне; арнайы (түзету), инклюзивті білім беру ұйымдарына жетекшілік ететін мамандарына; арнайы білім беру жүйесінің әлеуметтік қызметкерлеріне біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу;
3. курс тақырыптарына және белгіленген қабылдау ережелеріне сәйкес тыңдаушылар құрамын қалыптастыру;
4. мамандарды даярлау сапасын арттыруға бағытталған оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу;
5. біліктілікті арттыру курстарының профессорлық–оқытушылық құрамының сапалық құрамын қалыптастыру;
6. бөлімнің заманауи оқу-материалдық және әдістемелік базасын құру және жетілдіру;
7. біліктілікті арттыру мәселелері бойынша білім беру, оның ішінде шетелдік ұйымдармен ынтымақтастықты ұйымдастыру, лекторлар және курс оқытушылары ретінде жетекші тәжірибелі мамандарды тарту;
8. оқу процесінің практикалық бағытын күшейту; оның нақты міндеттерді шешуге бағытталуы; жеке және дербес оқытуды дамыту;
9. курс тыңдаушыларын курстан кейін қолдауды ұйымдастыру және олардың дайындығын бағалау; оқыту сапасына мониторинг жүргізу.
 
    АИБД ҰҒПО РММ-нің арнайы білім беру жүйесінің  психологиялық-педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру бойынша іс-шаралар тыңдаушыларды ақылы және ақысыз (бюджеттік) негізде оқытуды көздейді.
Ақысыз негізінде оқыту 222 «Мемлекеттік білім беру ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта дайындау» Бюджеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. Бағдарлама аясында жыл сайын жалпы бағыттарға сәйкес әр түрлі тақырыптарда қазақ және орыс тілдерінде 13-14 біліктілікті арттыру курстары қарастырылған, курстардың тақырыптары Қазақстан Республикасындағы арнайы және инклюзивті білім беру теория мен  практикасының көптеген өзекті мәселелерін қамтиды. 
Психологиялық-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттырудың ақылы курстарын ұйымдастыру білім басқармасы ұйымдарымен, білім беру ұйымдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен курстар өткізу туралы шарттар жасасу негізінде жүзеге асырылады.
Курстардың тақырыбы АИБД ҰҒПО РММ-нің ғылыми-зерттеу бөлімінде әзірленген және сыналған материалдар негізінде, сондай-ақ өңірлердің сұраныстарын ескере отырып анықталады. Біліктілікті арттыру курстарының тақырыптары мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу мазмұнының сапасына қойылатын заманауи талаптардан туындаған және өзекті болып табылады.
 
Біліктілікті арттыру курстар мазмұнының негізгі бағыттары:
 
1.ПМПК жағдайында психологиялық-педагогикалық кадрлардың жұмысын ұйымдастырудың заманауи тәсілдері (педагог-дефектологтар, психологтар, әлеуметтік педагогтар, логопедтер).
2.Оңалту орталығы (ОО) және психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті (ППТК) жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға психологиялық-педагогикалық көмек.
3.Жалпы білім беруде даму мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың ұйымдастырушылық-әдістемелік негіздері мен мазмұны.
4.Аутистік спектрдің бұзылыстары (АСБ) бар балаларға психологиялық-педагогикалық көмекті ұйымдастыру және көрсету.
5.Ерте және мектеп жасына дейінгі дамуы бұзылған балаларға педагогикалық көмек көрсетудің заманауи тәсілдері.
6.Церебральды сал ауруы бар балалардағы қозғалыс бұзылыстарын кешенді оңалту.
7.Зиятында бұзылыстары бар оқушылардың білім беру процесін ұйымдастыру
8.Сенсорлық бұзылыстары бар балалармен психологиялық-педагогикалық түзету жұмыстарының заманауи технологиялары.
9.Арнайы білім беру ұйымдарында логопедиялық жұмысты жоспарлаудың заманауи тәсілдері.
10.Арнайы мектеп оқушыларын оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды зерттеу.
11.Кохлярлы имплантанты бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың ұйымдастырушылық-әдістемелік негіздері.
12.Арнайы білім беру ұйымдары жағдайында көру қабілетінің бұзылыстары бар балаларды түзете-дамыта оқытуды ұйымдастыру және ұстау.
13.Психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелеріне диагностика жасау және кеңес беру жүйесі.
 
    Профессор-оқытушылар құрамы курстардың тақырыбына сәйкес қалыптастырылады, курс оқытуға ҚР БҒМ АИБД ҰҒПО РММ жетекші мамандары, басқа білім беру ұйымдарының мамандары, білім алуда ерекше  қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде жаңа технологияларды зерттеп, әзірлейтін және/немесе осы санаттағы балалармен жұмыс істеуде практикалық тәжірибесі бар арнайы педагогика, психология саласындағы жетекші зерттеушілер тартылады.
Біліктілікті арттыру курстары күндізгі және қашықтан (онлайн) нысанда жүргізіледі, сағат саны – 72. Оқу процесі ҚР БҒМ АИБД ҰҒПО РММ директорының бұйрығымен бекітілген Білім беру бағдарламалары мен оқу-тақырыптық жоспарларға сәйкес жүзеге асырылады. Оқу процесі теориялық сабақтарды, зертханалық-практикалық сабақтар барысында практикалық оқытуды, кәсіптік практиканы, курстық жобалауды, оқу аудиторияларында, АИБД ҰҒПО оңалту орталығының базасында, сондай-ақ күндізгі  және/немесе аралас оқыту режимінде, сондай-ақ онлайн оқыту режимінде тиісті саладағы басқа да білім беру ұйымдарында жүзеге асырылатын бақылау жұмыстарын қамтиды.
 
Тыңдаушылардың тізімін құрастыру: 
 
•Ақысыз (бюджеттік) курстар бойынша облыстық және/немесе қалалық, аудандық білім бөлімдерінен, сондай-ақ басқа да заңды тұлғалардан алынған өтінімдер негізінде курс тыңдаушыларының көрсетілген құрамына сәйкес оқыту нысанына және курсқа қабылдау тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
•Ақылы негізіндегі курстар бойынша Білім басқармасы ұйымдарымен, білім беру ұйымдарымен, үкіметтік емес ұйымдарымен, жеке тұлғалармен курстар өткізу туралы шарттар жасасу негізінде жүзеге асырылады.