Кудеринова Айгерим Мерекеевна

  • 02.04.2021
  • ННПЦ РСИО
  • 293

Кудеринова Айгерим Мерекеевна – «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ директоры.
1991 жылы Қарағанды педагогикалық институтының дефектология факультетін «Мұғалім-логопед, мектепке дейінгі ұйымдардың логопеді» мамандығы бойынша «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» қосымша мамандығымен аяқтады.
1991-1992 жылдары жалпы білім беретін мектепте логопед болып жұмыс істеді. 1992-2000 жылдары Қарағанды мемлекеттік медицина институтында оқытушы болып жұмыс атқарды.
2000 жылдан бастап 2004 жылға дейін «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес» ММ-де логопед болып жұмыс істеді. 2004 жылдан бастап білім беру саласына мемлекеттік қызметке ауысты. 2004-2007 жылдары Қарағанды қаласының білім бөлімінде бас маман болып жұмыс істеді. 2007 жылдан 2011 жылға дейін Қарағанды облысы білім Басқармасының тәрбие жұмысы, арнайы және қосымша білім беру бөлімінің бастығы лауазымында жұмыс атқарды. 2011 жылдан 2020 жылдың қазан айына дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінде жұмыс істеді.
Білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған, Ы. Алтынсарин атындағы медаль иегері.
Жұмыс тәжірибесі: арнайы және инклюзивтік білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, арнайы білім беруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету мәселелері бойынша түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығының қызметін үйлестіру. Елдегі арнайы білім беру ұйымдарының желісін кеңейту бойынша жұмысты ұйымдастыру. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының. инклюзивтік білім беруді дамыту мәселелері бойынша қызметін үйлестіру. Білім беру саласында халықаралық ынтымақтастықты, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту.