Қазақ тілінде оқитын ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға арнайы және инклюзивті білім беру зертханасы

Зертхана 2008 жылдың қаңтар айында педагогика ғылымдарының докторы, профессор Р.А. Сүлейменованың ұсынысымен ұйымдастырылып, ашылды.

Зертхана қызметкерлері филология ғылымдарының кандидаты, доцент А.Д. Сейсенованың жетекшілігімен қазақ тілді балалардың сөйлеу тілі онтогенезі мәселелерін зерттеуге кірісті.

Қазіргі уақытта зертхана меңгерушісі педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Тасжурекова Ж.Т. Зертхана ұжымы 8 адамнан тұрады, мамандардың арасында ғылым кандидаттары, магистрлар мен педагог-экспериментаторлар бар.

Ғылыми зерттеу тақырыбы: «Ерте жастағы және мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілі онтогенезі барысында ана тілінің тілдік жүйесін қалыптастыру».

Зерттеу мақсаты: ерте жастағы және мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілінде фонетикалық, грамматикалық және лексикалық бірліктердің қалыптасу ретін анықтау үшін қазақ тіліндегі сөйлеу тілінің алғышарттарының пайда болуы мен құрамдас бөліктерін эксперименталды түрде зерттеу болып табылады.

Зертхана қызметінің екінші бағыты «Бала тілінің сөздігін» (қазақ тілді балалардың негізінде) құрастыру.

Зерттеу нәтижелері бойынша әдістемелік нұсқаулықтар дайындалып, жарық көрді. Қазіргі уақытта «Сөйлеу тілі онтогенезі барысында ана тілінің тілдік жүйесін қалыптастыру» атты ұжымдық монография дайындалуда.


Опросы

Оцените новый дизайн сайта

Очень понравился
Неплохо
Устраивает ... но ...
Встречал и получше
Совсем не понравился
Результаты

Наш адрес

050008, Республика Казахстан,
г. Алматы,
ул. Байзакова 273 "А"

тел. (7 727) 394-45-07
тел. (7 727) 394-45-15
тел./ факс: (7 727) 394-45-17
e-mail: nnpckp@mail.ru
           nnpckp@mail.kz