Мектепте арнайы және инклюзивті білім беру зертханасы

Зертхана меңгерушісі – педагогика ғылымдарының кандидаты Елисеева И.Г.

 

Мектепте арнайы және инклюзивті білім беру зертханасы 2019-21 жж. аралығында «Жалпы білім беру процесінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар мектеп оқушыларын педагогикалық қолдаудың ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбы бойынша жұмыс істейді.

Зерттеу мақсаты білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды деңгейлі педагогикалық қолдауды ғылыми-теориялық негіздеу.

Зерттеу нысаны:жалпы білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды оқыту процесі.

Зерттеу пәні:жалпы білім беретін ортаға кіріктендірген білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды педагогикалық қолдау әдістері мен технологиялары, ұйымдастыру ерекшеліктері және мазмұны, мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету.

Күтілетін нәтижелер: нормативті-құқықтық актілерге, әдістемелік материалдарға (құжаттар үлгілері, соның ішінде бейімделген және жеке оқу бағдарламасының құрылымы), ЖОО болашақ ұстаздарды және арнайы мамандарды дайындау стандарттарын өзгертуге нұсқаулар, мұғалімдердің және жалпы білім беретін мектептердің психологиялық-педагогикалық қолдау мамандардың біліктілігін арттыру курстары бағдарламаларына өзгерістер енгізуге ұсыныстар.

2019 және 2020 жылдары зерттеу жұмыстары ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды кешенді диагностикалау және оңалту зертханасы мамандарымен ынтымақтастықта жүзеге асырылды. Әзірленген материалдар еліміздің эксперименттік мектептерде сынақтан өтті және келесі әдістемелік нұсқауларда ұсынылған: "Ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беретін мектепте педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу" 2019 ж.; "Ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды жалпы білім беретін мектепте психологиялық-педагогикалық қолдау (деңгейлі тәсіл)" 2020 ж.

Жалпы білім беретін мектепте мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша әзірленген тәсілдер мұғалімдер мен мамандардың (психологтар, арнайы педагогтар, логопедтер, педагог-ассистенттер) біліктілігін арттыру курстарында, вебинарларда, консультацияларда енгізу арқылы жүзеге асады.

2021 жылы зерттеудің үшінші кезеңі іске асырылуда, оның мазмұны жалпы білім беретін мектепте оқитын мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған үлгілік оқу бағдарламаларын бейімдеу әдістемесін әзірлеу болып табылады. Еліміздің эксперименттік мектептерінде әзірленген әдістемелерді сынақтан өткізу жалғасуда.

Ағымдағы жылы зертхананың ғылыми қызметкерлері "Инклюзивті білім беруді дамытудың ресурстық орталығы" АИББД ҰҒПО жаңа құрылымдық бөлімшесінің қызметі шеңберінде консультациялық жұмысқа кіріседі.

Зертхана жұмысының екінші бағыты еліміздің арнайы мектептерінің қызметін үйлестіру және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету болып табылады. 2021 жылға арналған ең өзекті мәселелерді талқылау және онлайн режимде еліміздің арнайы мектептерінің табысты жұмыс тәжірибесімен алмасу бойынша іс-шаралар жоспары анықталды. Арнайы мектептердің оқу процесін жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламаларымен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда. Бағдарлама құрастырушылар топтары еліміздің тәжірибелі мұғалімдерінен, ғылыми қызметкерлерінен, ЖОО оқытушыларынан құрылған.




Опросы

Сайттың жаңа дизайнын бағалаңыз

Өте ұнады
Жаман емес
Қанағаттанарлық, дегенмен ...
Бұдан жақсысын да көргенмін
Мүлдем ұнамады
Результаты

Наш адрес

050008, Республика Казахстан,
г. Алматы,
ул. Байзакова 273 "А"

тел. (7 727) 394-45-07
тел. (7 727) 394-45-15
тел./ факс: (7 727) 394-45-17
e-mail: nnpckp@mail.ru
           nnpckp@mail.kz