► Ерте жас

► Мектепке дейінгі жастағы балалар 

► Мектеп жасындағы балалар 


► Кәсіби-техникалық білім беру 


► Психологиялык-педагогкалык тузеу кабинетi. Оңалту орталығы 


► Инклюзивті білім беру 

► Үйде білім беру 


► Әртүрлі

     2020 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес Оңалту және жаңа технологияларды енгізу бөлімінің логопеді Алжанбаева С.С. жұмыс дәптерлерін әзірледі. 
Жұмыс дәптерлерінің мақсаты баланың Ш, С дыбыстар айтуын түзету мен қатар ұсақ қимыл қозғалысын, есте сақтауын, ойлауын, сөз қорын молайту, байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту, тіл дыбыстарын ажырату, сөз құрамын талдау, танымдық үрдістерін дамыту болып табылады.
Ш, С -дыбысын машықтандыру өз тәртібі бойынша жүйелі түрде берілді. Бірінші кешенді жаттығулар, жеке дыбысқа машықтандыру буында, сөзде, тақпақта, жұмбақта, әңгімеде берілген.
Жұмыс дәптерлерінде ұсынып отырған материалдары дыбыс қоюда бір сарынды бір-біріне ұқсас баланы мезі қылатын жұмыстарды қызықты ойынға айналдыру көзделген.

Скачать Жұмыс дәптері С дыбысы: S-dybysy.pdf [2,17 Mb] (cкачиваний: 119)

Скачать Жұмыс дәптері Ш дыбысы: Sh-dybysy.pdf [2,16 Mb] (cкачиваний: 100)
Тасжурекова Ж.Т., Сейсенова А.Д., Ибатова Г.Б., Оспанова А.С.
авторлық ұжымымен дайындалған

Сөйлеу тілі онтогенезі барысында ана тілінің тілдік жүйесінің қалыптасу ерекшеліктері
әдістемелік ұсынымдарға

АҢДАТПА
     Авторлық құрам дайындаған әдістемелік ұсынымдар ерте және мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілі онтогенезі барысында ана тілінің тілдік жүйесінің қалыптасу ерекшеліктерін зерттеу мәселесіне арналған. 
Мазмұнға: кіріспе, бес  бөлім және қорытынды кіреді. Жұмыста  ерте  және мектеп жасына дейінгі жастағы  балалардың ана тілінің тілдік жүйесінің қалыптасу ерекшеліктерін анықталды.
     Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы (АИБД ҰҒПО) отандық педагогикада алғаш рет аутистік спектрінің бұзылымдары бар балаларға арналған арнайы дамыту бағдарламаларының дайындалғанын хабарлайды.
Аутистік спектрінің бұзылымдары бар балаларға және олардың отбасыларына арналған оқу-әдістемелік материалдардың бүгінгі күнгі кемшіліктерінің орнын толтыратындықтан, осы бағдарламаның практикадағы қажеттілігі жоғары.

Әдістемелік нұсқаулықтарда ата-аналарымен келісіліп, түрлі авторлардың ерте жастағы қазақ тілді балалармен, сондай-ақ жұмыс режимі қазақ тіліндегі балалар бақшасы жағдайында мектеп жасына дейінгі  балалармен сынақтан өткізілген диагностикалық әдістемелері берілген. 
Оқу құралының бірінші бөлімі ерте және мектеп жасына дейігі балалар тілін қазіргі заманғы зерттеудің өзектілігі мен қажеттілігі мәселелеріне арналған. 
Екінші бөлімде: тілдік даму, ерте жастағы балалардың ересектер тілін түсіну сипаттамасы, сөздік қор ерекшеліктері, сондай-ақ ерте жастағы балалар тілінің даму деңгейін анықтауға бағытталған диагностикалық әдістеме берілген.  


Назад 1 2 3 4 5 6 7 8 Вперед

Опросы

Сайттың жаңа дизайнын бағалаңыз

Өте ұнады
Жаман емес
Қанағаттанарлық, дегенмен ...
Бұдан жақсысын да көргенмін
Мүлдем ұнамады
Результаты

Наш адрес

050008, Республика Казахстан,
г. Алматы,
ул. Байзакова 273 "А"

тел. (7 727) 394-45-07
тел. (7 727) 394-45-15
тел./ факс: (7 727) 394-45-17
e-mail: nnpckp@mail.ru
           nnpckp@mail.kz