2020 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес Оңалту және жаңа технологияларды енгізу бөлімінің логопеді Алжанбаева С.С. жұмыс дәптерлерін әзірледі. 
Жұмыс дәптерлерінің мақсаты баланың Ш, С дыбыстар айтуын түзету мен қатар ұсақ қимыл қозғалысын, есте сақтауын, ойлауын, сөз қорын молайту, байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту, тіл дыбыстарын ажырату, сөз құрамын талдау, танымдық үрдістерін дамыту болып табылады.
Ш, С -дыбысын машықтандыру өз тәртібі бойынша жүйелі түрде берілді. Бірінші кешенді жаттығулар, жеке дыбысқа машықтандыру буында, сөзде, тақпақта, жұмбақта, әңгімеде берілген.
Жұмыс дәптерлерінде ұсынып отырған материалдары дыбыс қоюда бір сарынды бір-біріне ұқсас баланы мезі қылатын жұмыстарды қызықты ойынға айналдыру көзделген.

Скачать Жұмыс дәптері С дыбысы: S-dybysy.pdf [2,17 Mb] (cкачиваний: 119)

Скачать Жұмыс дәптері Ш дыбысы: Sh-dybysy.pdf [2,16 Mb] (cкачиваний: 100)
     Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы (АИБД ҰҒПО) отандық педагогикада алғаш рет аутистік спектрінің бұзылымдары бар балаларға арналған арнайы дамыту бағдарламаларының дайындалғанын хабарлайды.
Аутистік спектрінің бұзылымдары бар балаларға және олардың отбасыларына арналған оқу-әдістемелік материалдардың бүгінгі күнгі кемшіліктерінің орнын толтыратындықтан, осы бағдарламаның практикадағы қажеттілігі жоғары.

     Әдістемелік нұсқаулықта  жазба тілі бұзылған оқушылармен жасалатын түзету жұмысының мазмұны қарастыралады. 
Жұмыста жазба жұмысындағы ерекшеліктік қателіктердің жіктелісі, түзету жұмысының оқу-тақырыптық жоспары, логопедтің кеңестік-әдістемелік қызметтің мазмұны, сабақтардың әзірлемесі ұсынылған. Түзету жұмысының әртүрлі деңгейлеріндегі жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып оқушыларының жазба тілі бұзылыстарын түзеуге арналған тапсырмалар іріктеліп, құрастырылған. 
     Әдістемелік нұсқаулықта ұсынылған материалдар арнайы дайындалған  Монтессори-терапия кабинетінің заттай дамыту ортасында білім алуда ерекше қажеттіліктерге ие мектепке дейінгі балалармен жұмыс жасауда педагог-дефектолог жұмысының мазмұнын ашады.  
     Бала дамуының маңызды жағдайы оның жекелей белсенділігі мен өздігінен әрекет ету мүмкіндігі болып табылады. Баланың белсенділігі мен өздігінен жұмыс жасай алуы үшін дайындалған орта қажет, яғни мұндай орта оның белсенділігі мен өздігінен қимылдауына шектеу қоймайды. Үлкен адамдар дайындалған ортаның бөлігіне айналады және оның мақсаты қоршаған ортаның мақсаты сияқты баланың дамуына көмектесу. 

 

Материалы, представленные в методических рекомендациях, раскрывают организационные особенности использования специально подготовленной предметной среды Монтессори-кабинета и альтернативной системы коммуникации PECS в работе с детьми с особыми образовательными потребностями в условиях РЦ и КППК. Ониапробированы в работе с детьми, получающими коррекционно-педагогическую помощь в реабилитационном центре ННПЦ КП.


 

Опросы

Оцените новый дизайн сайта

Очень понравился
Неплохо
Устраивает ... но ...
Встречал и получше
Совсем не понравился
Результаты

Наш адрес

050008, Республика Казахстан,
г. Алматы,
ул. Байзакова 273 "А"

тел. (7 727) 394-45-07
тел. (7 727) 394-45-15
тел./ факс: (7 727) 394-45-17
e-mail: nnpckp@mail.ru
           nnpckp@mail.kz