Ғылыми-әдістемелік бөлім

Іздестіру-қолданбалы зерттеулер бөлімі және іргелі зерттеулер бөлімі 1994 жылдан бастап орталық құрылымында жеке бөлімшелер ретінде жұмыс істей бастады және жұмыстарын конкурстық негізде жүзеге асырды.

2004 жылдан бастап ғылыми қызметті қаржыландыру толығымен бюджеттік және қолданбалы зерттеулер ғана орындалады.

2016 жылдан бастап қаржыландыру 217 «Ғылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасы, 101 «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру» ішкі бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.

2004 жылдан 2018 жылға дейін АИБД ҰҒПО-да жүзеге асырылатын ғылыми бағдарламалар

2004-2006 ж. 0.0341 «Мүмкіндігі шектеулі балаларды түзету-педагогикалық және әлеуметтік қолдаудың ғылыми-әдістемелік негіздері» ҒЗЖ бағдарламасы.

2007-2009 ж. 0.0341 «Мүмкіндігі шектеулі балаларды түзету-педагогикалық және әлеуметтік қолдаудың ғылыми-әдістемелік негіздерін әзірлеу» ҒЗЖ бағдарламасы. 

2010-2012 ж. 0.0527 «Арнайы білім берудің ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуін, мазмұнын, нысандары мен әдістерін жетілдіру" ҒЗЖ бағдарламасы.

2013-2015ж. 0.0630 «Жалпы білім беретін мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарында мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың, арнайы білім берудің ұйымдастыру-технологиялық негіздері» ҒЗЖ бағдарламасы

2016-2018 ж. 0.0766 «Арнайы білім беруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету» ҒЗЖ бағдарламасы 

2019-2021ж. 0.0923 «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқытуды, психологиялық-педагогикалық қолдауды, әлеуметтік оңалтуды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету» ҒЗЖ бағдарламасы.

Ғылыми-әдістемелік бөлімнің құрылымына 4 ғылыми зертхана кіреді:

1. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды кешенді диагностикалау және оңалту зертханасы (меңгерушісі - псих. ғыл. кандидаты А.К.Ерсарина).

2. Мектепте арнайы және инклюзивті білім беру зертханасы (меңгерушісі - п.ғ.к.И. Г.Елисеева).

3. Мектепке дейін арнайы және инклюзивті білім беру зертханасы (меңгерушісі - проф., п. ғ. к. Г. М Коржова).

4.Қазақ тілінде оқытатын ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арнайы және инклюзивті білім беру зертханасы (меңгерушісі - п.ғ.к. Ж.Т. Тасжүрекова).

Ғылыми-әдістемелік бөлімнің штатына ғылыми-зерттеу бөлімінің 40 қызметкері кіреді, оның ішінде ғылым докторлары -2, ғылым кандидаттары -13, магистрлер - 4.

Ғылыми бағдарлама жетекшісі Райгуль Климовна Айтжанова - медицина ғылымдарының кандидаты, балалар неврологы, жоғары санатты дәрігер.

Жыл сайын ҚР БҒМ бекіткен Орталықтың операциялық жоспарына сәйкес ғылыми-әдістемелік бөлімде 10-ға дейін әдістемелік ұсынымдар әзірленеді, арнайы және инклюзивті білім берудің түрлі проблемалары мен мәселелері бойынша талдамалық анықтамалар жасалады. Есеп беру кезеңінің соңында орталықтың ғылыми-әдістемелік кеңесі мақұлдаған ҚР жетекші жоғары оқу орындарының сыртқы және ішкі рецензиялары, кітап палатасында ISBN берілген сараптамалық қорытындылары бар әдістемелік ұсынымдар ҚР БҒМ-не бекіту үшін жіберіледі.

Бекітілген әдістемелік ұсынымдар АИБД ҰҒПО ресми сайтында орналастырылады және пайдаланушылар үшін қол жетімді.

Орталық арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы мемлекеттің саясатын айқындай отырып, Қазақстан Республикасы бойынша мүмкіндігі шектеулі балалар бойынша статистикалық және талдамалық деректерді ұсынатын жалғыз ұйым болып табылады, әрі қарай ҚР БҒМ, Үкімет баяндамаларында, НҚА-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде пайдаланылады.

Барлық жоспарланған бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының материалдары, олардың негізінде әзірленген әдістемелік ұсынымдарды қоса алғанда, арнайы мектепке дейінгі және мектептік білім беру ұйымдарының жұмысында мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыста пайдаланылады (бұзылыстардың барлық                        8 санаты бойынша).

Сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (ПМПК), Оңалту орталықтары (ОО), психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері (ППТК) мамандарына, жалпы білім беретін және арнайы білім беру ұйымдарының психологтары мен педагогтарына, кәсіптік бағдар беру мәселелерімен айналысатын мамандарға арналған пәнаралық семинарларда, оқыту семинарларында және біліктілікті арттыру курстарында ұсынылады.

Әлеуметтік-экономикалық және этикалық аспектілердегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері үлкен маңызға ие, өйткені балалардың осы санатына уақтылы көмек көрсету мүгедектіктің, мектепке бейімделмеудің және мүгедек балаларды оқшаулаудың алдын алуға мүмкіндік береді және болашақта оларды тиімді әлеуметтік, кәсіби-еңбекпен оңалтуға ықпал етеді.

 


Опросы

Оцените новый дизайн сайта

Очень понравился
Неплохо
Устраивает ... но ...
Встречал и получше
Совсем не понравился
Результаты

Наш адрес

050008, Республика Казахстан,
г. Алматы,
ул. Байзакова 273 "А"

тел. (7 727) 394-45-07
тел. (7 727) 394-45-15
тел./ факс: (7 727) 394-45-17
e-mail: nnpckp@mail.ru
           nnpckp@mail.kz