Ата-аналарға кеңес беру

Оңалту Орталығына кешенді түрдегі медициналық-әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық қолдауға мұқтаж туылғаннан 18 жасқа дейінгі ақыл-ой және дене дамуында кез келген ауырлықтағы бұзылыстары бар балалар қабылданады.

Оңалту Орталығына балалардың контингентін толтыру Республикалықпсихологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес қорытындысы негізінде жүргізіледі. Балаға тегін түрде түзету көмегін беру туралы шешімді қабылдау берілген құжаттар негізінде, ата-аналармен сұқбаттасу және әр баланы тексерістен өткізу барысында РПМПК-да болады.

Балаларды қабылдау ата-аналардың (не олардың орнындағы тұлғалардың) қатысуымен болады.

Педагогикалық түзету мен медициналық-әлеуметтік қолдаудың көлемі, көмектің көрсетулі мерзімі білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың әр санатына қатысты Орталықтың Оқу жоспарында белгіленген нормативтерге сәйкес анықталады.

Оңалту Орталығына жіберілген балалар медициналық емдеу шараларын анықтау мақсатында дәрігер-невропатологтың алғашқы кеңесінен өтіп, балаға қажет көмек пен оны өткізетін жауапты маманды анықтау және «Қызмет көрсету Шартын» жасасу мақсатында меңгеруші және әлеуметтік педагогтың кеңесін алады.

Алғашқы қабылдау кезінде Орталықтың мамандары баланың дене және психикалық дамуына командалық бағалауды ұйымдастырып, баланың қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын анықтайды. Командалық бағалау мәліметтерінің негізінде жеке даму бағдарламасы құрастырылады.

Түзете-білім беру қызметтері Оңалту Орталығына төмендегідей түрде ұсынылады:

- түзете-дамыта білім берудің жеке түрі;

- түзете-білім берудің топтық/топша ішілік түрлері;

- толыққанды болу топтары;

- балалардың қысқа мерзімде болу топтары.

Түзете-білім беру қызметтерінің түрлері (жеке, топтық және топша ішілік түзете-білім беру сабақтары) баланың дене және психикалық жағдайының ерекшеліктері және ата-аналардың тілек-ниеттері негізінде анықталады.

Оңалту Орталығында атқарылатын жеке түзету көмегі Оңалту Орталығында түзете-білім беру үдерісін реттейтін Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі бекіткенБазистік оқу жоспарына негізделе жүзеге асады.

Оқу жоспарына сәйкес білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың әр санатына қажет түзету қызметтерінің түрлері анықталған.

Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаға төмендегідей мамандар қызметтер атқарады: педагогтар, мұғалім-дефектологтар (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог), мұғалім-логопедтер, психологтар, әлеуметтік педагог, денешынықтыру мұғалімі, музыкалық жетекші, медициналық қызметкерлер және басқалар.

Опросы

Сайттың жаңа дизайнын бағалаңыз

Өте ұнады
Жаман емес
Қанағаттанарлық, дегенмен ...
Бұдан жақсысын да көргенмін
Мүлдем ұнамады
Результаты

Наш адрес

050008, Республика Казахстан,
г. Алматы,
ул. Байзакова 273 "А"

тел. (7 727) 394-45-07
тел. (7 727) 394-45-15
тел./ факс: (7 727) 394-45-17
e-mail: nnpckp@mail.ru
           nnpckp@mail.kz