Оңалту орталығы

Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерге арналған Оңалту Орталығы (бұдан ары ОО-ы деп аталады) мектепке дейінгі арнайы мекемелер және арнайы мектептерге баратын, үйде оқитын балалардан басқа туылғаннан 18 жасқа дейінгі ақыл-ой мен дене дамуында бұзылыстары бар балалар және жасөспірімдерге кешенді түрде психологиялық-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік көмек атқаратын «Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Оңалту Орталығы Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғылыми-қолданбалы зерттеулерінің тәжірибелік алаңы болып табылғандықтан білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға қатысты жаңа педагогикалықтехнологияларды апробациядан өткізу және жүзеге асыру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға қатысады.

Оңалту Орталығы ТП ҰҒПО-ның диагностикалық-кеңес беру бөлімінің (Республикалық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес, бұдан ары – РПМПК) қорытындысы негізінде және Оңалту Орталығының оқу жоспарына сәйкес түзете-білім беру қызметтерін тегін көрсетеді.

Оңалту Орталығы қызметінің мақсаты ретінде білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар мен олардың отбасыларына бала мен оның отбасын өздігінен қызмет етуі мен қауымдастыққа қосылу мақсатында қазақстандық және халықаралық стандарттарға сәйкес психологиялық-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік көмекті сапалы түрде көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері ретінде төмендегілер анықталады:

·білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға түзете-дамыту ортасын барынша ыңғайлы әрі жайлы етіп ұйымдастыру;

·білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың отбасына балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша кеңес беру;

·білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуші отбасыларға оларды әлеуметтік түрғыдан оңалту, үй жағдайында абилитациялық және оңалту шараларын ұйымдастыру мәселелері бойынша қолдап, көмек атқару;

·білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарымен әлеуметтік-оңалту жұмысын жүргізу;

·білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды кешенді түрде абилитация мен оңалтудан өткізу – жеке-дамыту бағдарламасы бойынша баланы Оңалту Орталығының негізінде жеке бағытпен жүргізу;

·педагогикалық құрамның кәсіби құзыреттілігінің деңгейін үнемі көтеріп,білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар мен олардың отбасыларына көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында педагог мамандардың кәсіби тұрғыдан өсуі үшін арнайы жағдайлар жасау;

·түзету және алдын алу әрекеттері негізінде білім беру қызметінің сапасын білікті түрғыдан үнемі мониторингтен өткізу.

 

Орталық тамаша түзете-дамыту құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілген:

1. SNOSILEN атты сенсорлық бөлме – барлық түрдегі сезім мен қабылдау, психоэмоционалды және бұлшықет релаксациясы мен т.б. қасиеттерді дамыту мақсатындағы түс пен жарық әсерлері бар дәстүрлі емес ортасы қалыптасқан бөлме.

2. ROMPA атты жұмсақ бөлме – түрлі-түсті шариктері бар құрғақ бассейн, баспалдақтары, төбешіктері, түрлі формадағы емдік доптар мен жалпы қимыл белсенділігі және тактилді сезімталдықты дамытатын басқа да құрал-жабдықтар.

3. Негізгі қимыл дағдыларын қалыптастырып, дамытатын құралдар: арнайы жүріс арбасы, орындықтар, мобильді стендерлер, велосипедтер, вестибулярлы тақтайлар.

4. SOUND BEAM жүйесі – денесін меңгеруге ынталандыру, кеңестікте қимыл-қозғалысқа сенімділік тудырту, қимылдардың диапазонын кеңейту, себеп-салдар байланысын зерттеу, есту, зейін салу, шоғырлану қасиеттерін ынталандыру, әуенді ойлап шығару және музыкалық импровизация әлемін өзі үшін ашу, қарым-қатынас дағдыларын жақсарту, қимыл-әрекет және дыбыстың көмегімен қиялдау қасиетін дамыту, көздеген мақсатқа жету сезімін алу және қарапайым ғана әуестіктерге қол жетуге ықпалдасатын интербелсенді құрал.

5. Мария Монтессори бөлмесі – Мария Монтессори атты итальяндық педагог ХIХ ғасырдың ортасында ойлап тапқан ғажайып әдістер және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген бөлме. Аталмыш педагогикалық жүйенің негізгі айырмашылығы ретінде оқыту үдерісі барысында бала сабақтардың сипаты мен уақытын белгілей отыра бүкіл дидактикалық материалды өздігінен таңдап алатындығын атап өту қажет. Монтессори әдісі бойынша оқыту өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын дамытуға көмектесіп, бала қолдарының ұсақ моторикасын дамытуға оң әсерін тигізіп, қимылдардың үйлесімділігін жақсартып, біртіндеп баланың бойында қисынды түрде ойланып, түр-түсті дұрыс қабылдауға ықпалдасады. Үнемі жасалған жаттығулар сәбидің есту, көру, әлемді сезіну арқылы қабылдау және иіс сезу қасиеттеріне оң нәтиже береді. Монтессори әдісі алғашқы математикалық түсініктер, геометриялық формалар туралы түсініктердің дамуына ықпалдасып, белсенді және енжар сөздік қорды байытып, баланың қолын жазу әрекетіне дайындайды.

6. Қыштан бұйымдар жасау ісі бөлмесі – әр баланың өзін белгілі бір туындыны жасай алатын тұлға ретінде сезініп, оның қолдары негізгі әрекет ететін, саз балшық керемет туындыны дүниеге келтіріп отырған суретші әрі мүсіншінің бар болғаны және қол астындағы материалы екендігін білдіретін бөлме. Қыштан бұйымдар жасау ісі – балалардың уақытын пайдалы әрі көңілді өткізуіне әсер ететін сабақ түрі және жаңа іске машықтанып, басқа да дағдылар мен ептілікті тудыртатын жұмыс. Балалар өз қолдарымен жасаған бұйымдар баланың кезекті жеңісін дәлелдеп көрсететін нәтиже болып табылады.


Опросы

Сайттың жаңа дизайнын бағалаңыз

Өте ұнады
Жаман емес
Қанағаттанарлық, дегенмен ...
Бұдан жақсысын да көргенмін
Мүлдем ұнамады
Результаты

Наш адрес

050008, Республика Казахстан,
г. Алматы,
ул. Байзакова 273 "А"

тел. (7 727) 394-45-07
тел. (7 727) 394-45-15
тел./ факс: (7 727) 394-45-17
e-mail: nnpckp@mail.ru
           nnpckp@mail.kz