ОО қызметінің мазмұны

Оңалту Орталығының қызметі төмендегілерге бағытталған:

·баланың бойындағы мәселелерді мамандардың пәнаралық командасының кешенді түрде зерттеуі;

·білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқытудың жеке дамыту бағдарламаларын дайындап, құрастыру;

·жаңа педагогикалық технологияларды енгізу;

·арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының педагогтарына әдістемелік көмек көрсету;

·ата-аналарға балаларын тәрбиелеу мен оларға күтім жасау мәселелері бойынша кеңес беріп, оқыту.

Оңалту Орталығы жағдайында түзете-дамыта оқыту үдерісі барысында белгілі бір міндеттерді шешу мақсатында бірнеше негізгі кезеңдерді анықтайды.

Алғашқы кезең – ұйымдастыру сәті деп аталады, ол Оңалту Орталығына жіберілген ата-аналарды олардың балаларымен жүргізілетін түзету жұмысын ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша алғашқы кеңестен өткізу шарасына арналған. Оңалту Орталығының меңгерушісі түзету қызметтерін көрсету туралы шартты жасап, ата-аналарға баланың дамуы мен оны тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңес береді. Орталықтың әлеуметтік педагогы баланың анамнезін (дамуының қысқаша тарихы) жинайды, ата-аналардың талаптарын анықтап, баланың құқықтары бойынша алғашқы әлеуметтік кеңес беруді жүзеге асырады.

Жұмыстың екінші кезеңі баланың дене және психикалық дамуын командалық түрде бағалауды жүргізуге дайындық уақыты болып табылады. Бұл кезеңде Орталықтың мамандары медициналық мәліметтермен танысып, бала мен отбасын тестілеуден өткізіп, бар құжаттармен танысады. Онымен қоса командалық бағалауды өткізуге қажет дидактикалық материалдар мен дамыту ойыншықтары толыққанды ойластырылып, жинақталып, баланы тексеру әдістері мен жоспары талқыланады.

Командалық бағалау жұмыстың үшінші кезеңі болып табылады. Осы шақта мамандардың міндеттері ретінде баламен жүргізілетін түзету жұмысының басты бағыттары анықталып, оның дамуын ынталандырудың қолжетімді амалдары мен жолдары белгіленіп, баланың дене және психикалық дамуындағы оңды және жағымсыз жақтар анықталып, оның дамуына оңтайлы емес түрде әсер ететін және алға басуына кедергі жасайтын факторлар табылады. Осындай әрекеттердің нәтижесі ретінде баланың жеке дамыту бағдарламасын дайындау болып табылады.

Қорытынды кезең түзете-дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған. Бағдарламада бала мен оның отбасына Оңалту Орталығының негізінде ұсынылатын қызметтердің бүкіл диапазоны анықталады. Осы бағдарламаның негізінде баланы бұдан ары түзете-дамыта оқыту бағдарламасы жасалады.

Оңалту Орталығы түзете-дамыта оқытудың барлық кезеңдерінде баланың басындағы мәселелермен айналысатын орталықтың барлық мамандарының күш-қуатын біріктіретін кешенді түрдегі бірыңғай түзету үдерісіне ендірілген медициналық көмек көрсету міндетін мойнына алады.

Оңалту Орталығында медициналық көмек көрсету дамуында мәселелері бар баланы оқыту үдерісіне ықпалдасуға шоғырланған. Сондықтан емдеу мәселелері балалардың ата-аналарымен ғана емес, онымен қоса орталықтың педагогтары, психологтары және басқа да мамандарымен бірігіп талқыланады. Бұндай шарт түзету практикасының белсенді талабы болып табылады.

Амбулаториялық көмек ретінде түрлі мамандықтағы дәрігерлердің (невропатолог, физиотерапевт, педиатр) қабылдауы, дәрі-дәрмектер, физиоемдік шаралар, уқалау және т.б. белгілеу болып табылады.

Түзету қызметін алатын балалар санаттары:

·тірек-қимыл аппаратында бұзылыстары бар балалар;

·сөйлеу тілінде ауыр түрдегі бұзылыстары бар балалар;

·зиятының дамуында бұзылыстары бар балалар;

·есту қабілетінде бұзылыстары бар балалар;

·көру қабілетінде бұзылыстары бар балалар;

·күрделі түрдегі бұзылыстары бар балалар;

·арасында аутистикалық спектрдегі ауытқулары байқалған эмоционалды-ерік саласында бұзылыстары бар балалар;

·психикалық дамуында тежелістері бар балалар.

Психологиялық-педагогикалық қызметтер:

·логопедтің жеке (топтық) сабақтары;

·педагог-дефектологтардың (олигофренопедагог, тифлопедагог) жеке (топтық) сабақтары;

·психологтың жеке (топтық) сабақтары;

·сурдопедагогтың жеке (топтық) сабақтары;

·музыкалық ырғақ бойынша сабақтар;

·емдік денешынықтыру бойынша жеке (топтық) сабақтар.

 

Медициналық қызметтер:

·невропатологтың кеңестері;

·физиоемдеу;

·уқалау;

·сумен емдеу.

 

Әлеуметтік қызметтер:

· күндізгі және қысқа мерзімді тәжірибелік топтардың жұмысына қатысу;

· әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес беру;

· әлеуметтік педагогтың топтық сабақтары;

· отбасылық-ресурстық бөлме;

· ақпараттық қолдау.


Опросы

Сайттың жаңа дизайнын бағалаңыз

Өте ұнады
Жаман емес
Қанағаттанарлық, дегенмен ...
Бұдан жақсысын да көргенмін
Мүлдем ұнамады
Результаты

Наш адрес

050008, Республика Казахстан,
г. Алматы,
ул. Байзакова 273 "А"

тел. (7 727) 394-45-07
тел. (7 727) 394-45-15
тел./ факс: (7 727) 394-45-17
e-mail: nnpckp@mail.ru
           nnpckp@mail.kz