Ресурстық орталық

АИБД ҰҒПО-ның инклюзивті білім беруді дамытудың ресурстық орталығы арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Ресурстық орталық - бұл оқу процесінде инклюзия қағидаларын іске асыруда және ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға тиісті жағдай жасауда мұғалімдерге көмек көрсету үшін құрылған арнайы ұйымдастырылған кеңістік. Ресурстық орталық базасында мектептер үшін әдістемелік ұсынымдар әзірлеу, мұғалімдерді оқыту, балалардың жеке білім беру маршруттарымен жұмыстар жүргізіледі.

Біздің ресурстық орталық қызметінің мақсаты - Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың аймақтық ресурстық орталықтарының қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және үйлестіру.

Ресурстық орталықтың негізгі міндеттері:

- инклюзивті білім берудің идеялары мен принциптерін ілгерілету, консультативтік-әдістемелік көмек көрсету, психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің педагогтары мен мамандарына, ата-аналар мен басқа да мүдделі тұлғаларға консультация беру;

- АИБД ҰҒПО қызметкерлерінің ғылыми-практикалық зерттеулерінің нәтижелерін Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың аймақтық ресурстық орталықтары қызметінің практикасына тарату және енгізу;

- ЕБҚ бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың қалыптасқан тәжірибесін талдау, және де ең тиімді тәжірибелерді жалпылау және тарату мақсатында аймақтық ресурстық орталықтарының қызметін талдау.

Инклюзивті білім беруді қолдау бойынша ресурстық орталық қызметінің бағыттары:

·инклюзивті оқытуды психологиялық-педагогикалық және әдістемелік тұрғыда сүйемелдеу;

·инклюзивті білім беруді жүзеге асыру үшін мамандар даярлау;

·инклюзивті білім беру саласында ғылыми зерттеулер жүргізу;

·ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу үшін педагогтардың біліктілігін арттыру бағдарламаларын және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын жүзеге асыру.

Ресурстық орталықтың жұмысын арнайы педагог (дефектолог), логопед, психолог, педагог-ассистент, әдіскер сияқты мамандар жүзеге асырады.

Ресурстық Орталықтың мамандары:

·мектепте оқуда белгілі бір қиындықтары бар балалар үшін жеке сабақтар өткізеді;

·білім беру мекемелерінің педагогтары үшін жеке және топтық консультациялар өткізеді;

·балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналар үшін жеке және топтық консультациялар өткізеді;

·инклюзивті білім беру саласында жұмыс істейтін мамандарға әдістемелік қолдау көрсетеді;

·семинарлар, конференциялар өткізуге қатысады;

·мастер-кластар береді.


 
 

Опросы

Сайттың жаңа дизайнын бағалаңыз

Өте ұнады
Жаман емес
Қанағаттанарлық, дегенмен ...
Бұдан жақсысын да көргенмін
Мүлдем ұнамады
Результаты

Наш адрес

050008, Республика Казахстан,
г. Алматы,
ул. Байзакова 273 "А"

тел. (7 727) 394-45-07
тел. (7 727) 394-45-15
тел./ факс: (7 727) 394-45-17
e-mail: nnpckp@mail.ru
           nnpckp@mail.kz