Ақпараттық-талдау бөлімі

     Ақпараттық-талдау бөлімі (АТБ) АИБД ҰҒПО-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады. АТБ жұмысы 099 «Мектепте сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жүргізіледі.
     
     Бөлімнің негізгі мақсаты ҚР «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» заңын жүзеге асыруда арнайы білім беру ұйымдарына ақпараттық-талдау және оқу-әдістемелік қолдау көрсету; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің арнайы білім беру жүйесі бойынша ақпаратты жинау, өңдеу және талдау жөніндегі тапсырысын орындау; АИБД ҰҒПО барлық құрылымдық бөлімшелеріне техникалық және ақпараттық қолдау көрсетуді жүзеге асыру болып табылады.

  
 

 

Ақпараттық-талдау бөлімі қызметінің бағыттары
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың арнайы білім алу қажеттіліктерін зерттеу және талдау;
- арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыруды оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді талдау;
- арнайы және инклюзивті білім беру жүйесін жабдықтау жағдайын зерттеу және қосалқы технологияларды енгізу;
- ерекше білім беру қажеттігі бар балаларға білім беруде ақпараттық және қосалқы технологияларды қолдану тиімділігін талдау;
- білім берудің және ерекше білім беру қажеттігі бар балаларды түзеу арқылы қолдаудың негізгі аспектілері бойынша мониторинг жүргізу, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттігі бар балаларға түзету көмегін көрсететін ұйымдар желісін есепке алу және даму қарқыны;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша әдістемелік лекциялар әзірлеу;
- БҒМ, өңірлік білім басқармаларымен, басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет.

Ақпараттық-талдау бөлімінің ұйымдастыру жұмысы

АТБ жұмысты секторлық айқындама бойынша жүзеге асырады:

Мониторинг және статистика секторы
- арнайы білім беру қызметтерінің сапасын талдау;
- арнайы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді талдау;
- арнайы және инклюзивті білім беруді ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету әдіснамасын әзірлеу;
- ерекше білім берілуіне қажеттігі бар балаларға білім берудің және оларды түзеу арқылы қолдаудың негізгі аспектілері бойынша мониторингтер;
- ақпараттық коммуникативтік технологияларды зерттеу және ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту практикасына енгізу;
- арнайы білім беру ұйымдары желісін есепке алу және даму қарқыны;
- халықаралық, республикалық семинарлар мен конференцияларды дайындауға және өткізуге қатысу;
- ҰБДҚ-мен жұмыс;

Ақпараттық-техникалық қолдау секторы
- серверлерді, компьютерлер мен оргтехниканы орнату және қызмет көрсету; операциялық жүйелерді, кеңселік және вирусқа қарсы бағдарламаларды орнату және қалыпты жұмыс істеуін қолдау;
- компанияның корпоративтік деректерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- АИБД ҰҒПО сайтына техникалық және ақпараттық қолдау көрсету;
- форматтардың тиісті техникалық ерекшеліктерін пайдалана отырып, ерекше білім беру қажеттігі бар балаларға арналған оқулықтар мен ОӘК орналастыру;
- баспасөз конференцияларын, брифингтер, «дөңгелек үстелдер», басшылықтың қатысуымен кездесулер ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерге сапарлармен шығатын ресми делегацияны ақпараттық сүйемелдеу;
- ерекше білім беру қажеттігі бар балалармен өз қызметін жүзеге асыратын ҒӨБ-мен өзара қатынас құру;
- АИБД ҰҒПО брендін әлеуметтік желілерде алға жылжыту, жазылушылармен екі жақты байланыс;

Полиграфиялық қызметтер секторы
- қажетті әдістемелік, оқу, ғылыми, анықтамалық және өзге де әдебиеттердің таралымын көбейтуді қамтамасыз ету;
- АИБД ҰҒПО және оның құрылымдық бөлімшелерінің өнімге деген өтінімдерін орындау;
- өнімді көркем және техникалық ресімдеу сапасын бақылауды жүзеге асыру;
- аз тиражды және аз көлемді басылымдар бойынша баспа, кітапша-түптеу жұмыстарын орындау;
- көшіру, сканерлеу, тігу және кітапша түптеу бойынша қызметтер.

АТБ меңгерушісі Жанат Қабдалдаевна Құттыбаева
Біздің мекенжайымыз: 050008, Алматы қ., Байзақов к-сі,  273 «А», оф.217
Байланыс телефоны: 8(727) 394 46 72.
 

 

 




Опросы

Оцените новый дизайн сайта

Очень понравился
Неплохо
Устраивает ... но ...
Встречал и получше
Совсем не понравился
Результаты

Наш адрес

050008, Республика Казахстан,
г. Алматы,
ул. Байзакова 273 "А"

тел. (7 727) 394-45-07
тел. (7 727) 394-45-15
тел./ факс: (7 727) 394-45-17
e-mail: nnpckp@mail.ru
           nnpckp@mail.kz