Page 121 - 2.1.1
P. 121

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                          Сұраулы сөйлем                                         special-edu.kz.



        1-тапсырма.
            Сөйлемдерді оқы. Бұлар қандай сөйлем?
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            Сөйлемдерді дұрыс жаз.

             Сен асық жарысына  барасың ба? Сіздің сыныптан қанша

        бала қатысады?  Марат нешінші орын алды? Талғат қай қатарда
        отырды?


                Бір  нәрсе  жайында  сұрап  білу  мақсатында  айтылған

           сөйлем сұраулы сөйлем деп аталады. Сұраулы сөйлемнен
           кейін  сұрау  белгісі  қойылады.  Мысалы:  Асық  жарысы
           бола ма?
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.

        2-тапсырма.
               Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдыр.

              Үйге қонақтар келді. Қонақтар төрге отырды. Дастарқан
        жайылды. Атам бата берді.


        3-тапсырма.
            Өлеңді мәнерлеп оқы. Көшіріп жаз.
            Сұраулы сөйлемге айналдырып жаз.

                       Киіз басу
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             Біреуі жүн жаймалап,
             Біреуі су себеді.

             Енді бірі шиге орап,
             Жабылып бәрі тебеді.
             Жүн тұтасса бірігіп,

             Қайта жазып алады.
             Ширықсын деп кірігіп,
             Білекке енді салады.
             Ыстық су құйып үстіне,
             Қатайсын деп қарпиды.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             Шықты киіз пісті де,
             Сыннан өтіп сан қилы.

                                                                                                      119
   116   117   118   119   120   121   122   123   124   125   126