Page 143 - 2.1.1
P. 143

special-edu.kz.
 special-edu.kz.




                                            Нәтиже сабақ                                         special-edu.kz.



                                         Мен не үйрендім?
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.


        1-тапсырма.

               Диалог сөздер кімдердің арасында айтылып тұрғанын ажырат.

                                             Табиғат тәрбиесі

             Біз төбе болып үйіліп жатқан құмырсқаның илеуіне келдік.

        Құмырсқаның  бірі  кіріп,  бірі  шығып,  құжынап  жүр.  Бәрі
        қимыл, әрекет, қауырт іс үстінде.

             – Көке, мынау не төбешік? – дедім.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             – Бұл – құмырсқаның илеуі.

             – Илеу деген не?
             – Илеу – құмырсқаның үйі, мекені деген сөз.

             – Бүкіл құмырсқа бір-ақ үйде тұра ма?
             – Иә, бір үйде тұрады.

             – Олар тату тұра ма?
             – Тату болмаса, бір үйде тұра алмаған болар еді ғой...

                                                                              (М. Төрежанов)

 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        2-тапсырма.
            Диалог өлеңдерді оқы. Көшіріп жаз.

            Диалог өлеңді рөлге бөліп оқы.





             Едіге:                              Едіге мен бота

                                                           Бота:

             – Қолғанат боп атама,                         – Түсінем ғой сөзге мен,
               Күтем сені күнімен.                           Сен де мендей еркесің.

               Бірақ кілең жотаңа                            Биіктетіп өзгеден
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                                                             Жүреді ылғи өркешім!
               Көп таңырқап үңілем...
                                                            («Балдырған» журналынан.)


                                                                                                      141
   138   139   140   141   142   143   144   145   146   147   148