Page 27 - 2.1.1
P. 27
special-edu.kz.
3-тапсырма. special-edu.kz. special-edu.kz.
Суретке қара. Заттардың атын жаз.
Жуан, жіңішке дауысты дыбыстарды дұрыс айт.
Сөздерді қатыстырып сөйлем құрастыр.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
4-тапсырма.
Әріптерді көшіріп жаз. Оларды ажыратып дұрыс атап шық.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Жуан дауысты дыбыстар: а, о, ұ, ы, (у).
Жіңішке дауысты дыбыстар: ә, ө, ү, і, э, и, е, (у).
5-тапсырма.
Мәтінді оқы, қарамен жазылған сөздердегі дауысты дыбыстарды
ажыратып дұрыс ата.
Жуан және жіңішке дауыстылардың астын сыз.
Шіркін, ұшқыш болсам...
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Мен өскенде ұшқыш болғым келеді. Бірақ ұшқыш болу оңай
емес дейді бәрі. Мүмкін солай да шығар. Ұшқыш болу үшін де
сабақты жақсы оқу керек екенін білемін. Спортпен де күнде
шұғылдану қажет. Ұшқыштарға қатты қызығамын. Ғарышкер
болмасам да, адамдарды таситын ұшқыш болғым келеді.
«Бәріне білім мен шыдамдылық керек», – дейді ұстазымыз
Нұрзат апай.
(«Балдырған» журналынан.)
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
25