Page 41 - 2.1.1
P. 41

special-edu.kz.




         9-тапсырма.                       special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            Төмендегі кісі аттарын әліпби ретімен көшіріп жаз.
            Әріптерді әдемі таңбала.

 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             Айзере, Жарас, Нұрлан, Әділбек, Бауыржан, Қайсар, Замир,
         Камила, Ернұр, Дана, Салтанат, Ораз, Өтеген, Ғалия, Гауһар,
         Ләйлә, Меруерт, Ерасыл, Нұрдәулет, Талғат.


         10-тапсырма.

            Мәтіннің бірінші екі сөйлемін көшіріп ал, әріптерді дұрыс таңбала.
            Мәтіндегі кісі аттарын теріп жаз. Олардың қалай жазылғанына назар
         аудар.
            Мәтінді оқып шығып, мазмұнын айтып бер.


                                                Қайырымды
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             Сәулет пен Келбет аулада доп ойнап жүр еді. Сәулет жерде

         жатқан қызыл шақа балапанды көрді. Ол дір-дір етеді. Сәулет
         балапанды алақанына салып көріп:
             – Ұядан ұшып түскен ғой, – деді.

             – Тірі ме?
             – Иә.

             – Бізден қорқып тұрған шығар?
             – Онда ұясына салайық.
             Балалар балапанды ұясына салды.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                                                                         (Б. Данабеков)


         11-тапсырма.
            Әріптерді дұрыс таңбалап, оларды анық айтуға үйрен.
            Жұмбақтың шешуін тап.


                              Ақылшы дос балаға,
                              Жақсы серік ағаға.

                              Үндемейді ол саған,
                              Білгір, бірақ бағала.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.





                                                                                                       39
   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45   46