Page 62 - 2.1.1
P. 62
special-edu.kz.
27-тапсырма. special-edu.kz. special-edu.kz.
Мәтінді оқы. Заттың атын білдіретін сөздерді айт.
Кім? кімдер? не? деген сұрауларға жауап беріп тұрған сөздерді көшіріп
жаз.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Мамыргүл (кім?) мен Кәмила (кім?) бұзау іздеп жүрді.
Кенет сытыр естілді. Екеуі қорқып кетті. Тал арасынан қызыл
бұзау (не?) шыға келді. Қыздар (кімдер?) күліп жіберді.
28-тапсырма.
Көшіріп жаз. Кісі аттары мен тегіне сұрақ қой, бас әріппен жазылуы-
на назар аударып, астын сыз.
Мағжан Жұмабаев – ақын.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Тоқтар Әубәкіров – ғарышкер.
Нұрғали Нүсіпжанов – әнші.
29-тапсырма.
Тізбек сөздерді мәнерлеп оқы. Кісі аттарын тауып, сұрақ қой.
Көшіріп жаз. Бас әріппен жазылған кісі аттарының астын сыз.
Айнұр, Айдын, Асқар, Арман, Ақерке, Айгүл алтаумыз
Азаматтың аулына аттандық. Ауылда алма, алмұрт аса көп
екен. Алтаумыз Азаматтың аулын арбамен араладық.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
30-тапсырма.
Мәтінді оқып, кісі аттарын теріп жазып, қасына сұрағын қой.
Бейсен мен Асан демалыс күні көшеге шықты. Асан дүкеннен
бір кітап сатып алды. Олар саябақтағы орындыққа келіп
отырды. Асан кітабын оқи бастады, осы кезде қастарына екі
әйел келді. Асан бір әйелге орын берді. Бейсен қозғалар емес.
Бір кезде ит жетектеген бір кісі көрінді. Итті көрген Бейсен
тұра қашты. Отырған кісілер де, Асан да оған таңырқап қарап
қалды.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
60