Page 98 - 2.2
P. 98
special-edu.kz.
special-edu.kz.
special-edu.kz.
СЫНЫПТАН ТЫС ОҚУҒА АРНАЛҒАН
Не дәмді?
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Бірде құстар мен хайуанаттар кездесіп қалыпты.
«Қандай тамақ дәмді?» – деп таласыпты. Сонда тауық:
– Ең дәмді тамақ – тары, – депті.
– Кеміріп жейтін сүйекке не жетсін! – депті ит абалап.
– Бірің де білмейсіңдер. Сәбізден артық ештеңе
жоқ, – дейді қоян.
– Шіркін, қою сүтті айтсаңдаршы! – депті мысық
тамсанып. Сөйтіп, әрқайсысы өзі сүйетін тамақты
мақтапты.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
– Кәне, балалар, ненің дәмді екенін сендер
айтыңдаршы!
Көжек пен кірпі
Әп-әдемі көжек кірпіге келіп:
– Туысқан-ау, киімің қандай жаман, толған тікен ғой
өзі, – деді.
– Ол рас. Бірақ осы тікендерім мені ит пен
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
қасқырдың тісінен қорғайды. Ал сенің әдемі түгің өзіңе
менікіндей пана бола ала ма? – деді кірпі.
Көжек жауап бермей, ауыр күрсінді.
(К. Ушинский)
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
96