Page 156 - 2.3.1
P. 156
special-edu.kz.
Түсініп оқы. special-edu.kz. special-edu.kz.
Алаңғасар Жаппас
Ойнап жүрген Жаппас жүгіріп үйіне кірді.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
– Апа, шөлдеп кеттім! – деді ол есіктен кіре дауыстап.
– Қазір, балам, салқын сүт құйып берейін. – Қолына
ыдыс ұстап, ас үйге кіріп кетті анасы. Қайта шыққанша
шыдамсызданған Жаппас жан-жағына алақтай қарады. Үстел
үстіндегі шыны ыдыста қоңыр түсті сұйықтық құюлы тұр
екен. «Суытылған шай!» – деп ойлады Жаппас. Ыдысты қолына
алды да, ішіп алды.
– А-А-х-х... Тфу! – Қақалып-шашалып қалған Жаппастың
қасына жетіп келген анасы:
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
– Балам-ау, пісте май ішіп қойғансың ба? Байқасаң етті! –
деп уайымдап қалды.
(Ә. Файзуллаұлы)
пісте май – бауырсақ, тамақ пісіретін өсімдік майы
1. Ойнап жүрген Жаппас жүгіріп келіп не деді?
2. Апасы не айтты?
3. Үстел үстінде не тұрды?
4. Жаппас оны не істеді?
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
5. Апасы неге уайымдады?
6. Жаппастың қылығын қалай түсінесің?
Буындап оқы, бөлмей оқы.
«Су-ы-тыл-ған шай!» – деп ой-ла-ды Жап-пас. Ы-дыс-ты
қо-лы-на ал-ды да, ішіп ал-ды.
Асықпай оқы. Байқа, қателеспе.
special-edu.kz. special-edu.kz. ал-ды
special-edu.kz.
і-шіп
май
піс-те
154