Page 106 - 2.5.1
P. 106
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Домбыра special-edu.kz.
Тыңда.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары өте көп. Олар салт
бойынша, атадан балаға мұра етіп қалдырылады. Адамдар
музыканың көмегімен өздерінің қуанышын, көңіл күйін және
қайғысын білдіре алады.
Қазақ халқында ең кең тараған музыкалық аспап – домбыра.
Домбыраны қазақтың әр үйінің төрінен көруге болады. Халық
домбыра тартатындарды қатты сыйлайды, оларды мерекелерге
шақырып, құрмет көрсетеді. Қазақтың қандай мерекесі
болмасын домбырасыз өтпейді. Күй тартылады, ән айтылады.
Қазақстан Республикасында 1 шілде Домбыра күні деп аталады.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Өлеңді оқы.
Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра!
Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра.
Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана.
Одан асқан шежіре жоқ, одан асқан дана жоқ.
(Қадыр Мырза Әлі)
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Сен қандай музыкалық аспаптарды білесің?
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Адамдар музыкалық аспаптар көмегімен қандай сезімдерін
білдіреді? Қазақ халқының кең тараған музыкалық аспабын ата.
104