Page 116 - 2.5.1
P. 116
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Көкөніс өнімін жинаймыз special-edu.kz.
Тыңда.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Көкөністер бақшада, егістікте және жылыжайда өседі.
Адамдар көктемде жерге көкөніс тұқымдарын себеді.
Көкөністердің өскіндері шыға бастағаннан бастап оларды
суғарады және арамшөптен тазартады. Адамдар жаз соңында
және күз басталғанда көкөніс өнімдерін жинай бастайды. Әр
көкөністер әртүрлі жиналады. Сәбіз, шалғам, қызылшаны,
сарымсақ пен пиязды жұлып алады. Қияр, қызанақ, баялды,
тәтті бұрыш пен бұршақты теріп алады. Қырыққабатты,
асқабақ пен кәдіні кесіп алады. Картопты қазып алады.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Көкөністер қайда өседі? Адамдар көкөніс тұқымдарын қай
уақытта себеді? Көкөніс өнімін қай уақытта жинайды?
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Адамдар қандай көкөністі жерден қазып алады? Қандай
көкөністерді үзіп алады? Сәбіз, шалғам, қызылшаны, сарымсақ
пен пиязды қалай жинайды? Қияр, қызанақ, баялды, тәтті бұрыш
пен бұршақты қалай жинайды? Қырыққабатты, асқабақ пен
кәдіні қалай жинайды? Сәбіз, шалғам, қызылшаны, сарымсақ
пен пиязды қалай жинайды? Картопты қалай жинайды?
Өлеңді оқы. Әртүрлі көкөністердің қалай жиналатынын айтып бер.
Шолып едік бақшаны, Көкөністер бәрі де
Көкөніс біткен көңілді. Денсаулыққа пайдалы.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Мұны жатқа біліңдер,
Жасыл, сары, қызыл, көк,
Пісті барлық көкөніс.
Оларды жақсы көріңдер!
114