Page 147 - Казак тили 3-сынып окулык
P. 147

special.edu.kz.
 special.edu.kz.




                    5. Тыйым сөздерді түсініп оқы. Көркем көшіріп жаз.                           special.edu.kz.


             Су бергеннің  сауабы бар,
             Су төккеннің жауабы бар.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             Судың да сұрауы бар.




                    6. Мәтінді түсініп оқы. Мәтін не туралы?

             Сәлім аулада Әлім деген досымен ойнап жүрді. Үйге қарай қо-

        лына таяқ ұстаған қарт кісі келе жатты. Сәлім жүгіріп барып қа-
        рияға сәлем берді. Қарт:
             – Көп жаса, балам! Атаң сені өнегелі іске үйреткен екен! – деп

        риза болып қалды.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             Ол Сәлімнің құрдасы Әлімді көріп:

             – Балам, сен неге сәлем бермейсің? – деді.
             – Ата, мен сізді танымаймын ғой, – деп жауап берді Әлім.
             – Үлкендерге танымасаң да Сәлім сияқты сәлем беруің ке-

        рек, – деді қария.
             Әлім ұялып төмен қарады.


                Қарт кімге бата берді? Қандай бата берді? Тауып оқы!
                Әлім неге амандаспады? Кім дұрыс жасады? Батаны тауып, көшіріп
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        жаз.



                    7. Өлеңді түсініп оқы. Жаттап ал.

                                           Кім немен ойнады?

                                    Шопан болатын бала
                                    Қозы, лақпен ойнайды.

                                    Диқан болатын бала
                                    Топырақпен ойнайды.
                                    Ғалым болатын бала
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.                    Кітаппен ойнайды.                                            special.edu.kz.





                                                                                                      145
   142   143   144   145   146   147   148   149   150