Page 41 - Казак тили 3-сынып окулык
P. 41
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Нәтиже сабақ special.edu.kz.
1. Көшіріп жаз.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боласың,
Азға қанағат ете білмесең, көптен құр қаласың.
Нақыл сөзді оқы. Мағынасын түсіндір.
2. Көшіріп жаз. Неше сөйлем шықты?
1) Қоңырау, мұғалім, оқушылар, сабақ.
2) Тұрды, соғылды, кірді, басталды.
Бірінші қатардағы сөзге екінші қатардағы сөздерді қосып сөйлем құра.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
3. Мәтінді оқы. Көшіріп жаз.
Абай – ақын. Оның анасы – Ұлжан, әжесі – Зере. Олар өте ақыл-
ды адамдар болған. Әкесі Құнанбай ел билеген адам.
А, ә әріптерінің астын сыз.
4. Өлеңді дауыс ырғағын келтіріп оқы. Көшіріп жаз.
special.edu.kz. Түртіп қалдым Майқанды, special.edu.kz.
special.edu.kz.
«Сүйікті» пән
Майқан маған қарады.
– Әй, сен осы қай пәнді
Сүйесің? – деп сұрадым.
– Білгендерге пән-мәннің
Барлығы да тәуір-ау! –
Деді Майқан. – Ал менің
Сүйер «пәнім» – қоңырау!
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
(Қ. Мырза Әлі)
Сен қай пәнді жақсы көресің? Сол пән туралы әңгімеле.
39