Page 35 - Математика 3-сынып 1 болим
P. 35

special.edu.kz.
 special.edu.kz.





                         Санды бірнеше бірліктерге арттыру                                       special.edu.kz.



 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            1. 1) Партаның сол жағына ондық таяқша қой. Партаның оң

            жағына соншама және тағы да 5 таяқша қой. Оң жақта неше
            таяқша бар? Мысалды дәптерге жаз.



            2) Сөйлемді толықтыр. Оң жақтағы таяқшалар сол жаққа қа-
            рағанда ... артық.




                     Есте сақта! Санды бірнеше бірлікке арттыру үшін
                                        қосу амалын орындау керек.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.



            2. Дәптердің 10 торкөзін қызыл түсті қарындашпен боя.
            Көк түсті қарындашпен одан 6 торкөзге артық торкөзді боя.

            Көк түсті қарындашпен қанша торкөзді бояды?
            Мысалды жаз.







 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            3. Есепті шығар. Қарлығыштың 10 түсті қарындашы бар еді,
            ал Мараттың одан 3 қарындашы артық. Маратта неше түсті

            қарындаш бар? Амалды қарындаштардың көмегімен орында.
            Мысалды жаз.


            4. Бірінші сан 14. Екінші сан одан 1-ге артық. Екінші сан неге
            тең? Мысалды жаз.






 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 5.  Дәптерге  екі  кесінді  сыз.  Бірінші  кесіндінің  ұзындығы
                 1 дм. Екінші кесінді одан 2 см ұзын. Мысалды жаз.




                                                                                                            33
   30   31   32   33   34   35   36   37   38   39   40