Page 14 - Оку жане тил дамыту_Окулык_3-сынып
P. 14
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Сүйкімді бала special.edu.kz.
Асыл әжей қолына сөмкесін ұстап, таяғына сүйеніп дүкенге
келді. Кезек күткендердің соңына келіп тұрды. Кезегі келген соң
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
сатушыға:
– Қарағым, екі келі алма бере ғой, – деді. Сөмкеге салып жатқан-
да бір алма домалап еденге түсіп кетті. Артында тұрған қыз балаға:
– Айналайын, алмамды әпере қойшы, – деді әжей. Бірақ ол
естімеген кісіше тұра берді.
Осы кезде арт жақтағы сөмке асынған кішкентай бір бала ал-
маны алып:
– Әже, сөмкеңіздің аузын ашыңыз, – деп, алманы сөмкесіне са-
лып берді. Асыл әже:
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Көп жаса, бақытты бол! Сен жақсы бала екенсің, – деп, алғы-
сын айтып риза болды.
Тұрғандар кішкентай баланың іс-әрекетіне қызыға қарап тұр-
ды. Ал құлағына алтын сырға тағып, әдемі киінген қыз балаға
жақтырмай қарады.
(Балдырған журналынан.)
алғысын айтып – рақметін айтты
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
риза болды – қуанды
1. Асыл әже қайда келді?
2. Асыл әжей дүкеннен не алуға келген?
3. Ол нені еденге түсіріп алды?
4. Асыл әжей кімнен көмек сұрады?
5. Әжейге кім көмектесті?
6. Балаға әжей не деп алғыс айтты?
7. Қыз бала әжейге көмектесті ме?
8. Әңгіме неліктен «Сүйкімді бала» деп аталған?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
12