Page 8 - Оку жане тил дамыту_Окулык_3-сынып
P. 8
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Өтірікші special.edu.kz.
Айдар жазда ауылда демалды. Күзде ол қалаға қайтып келді.
– Сен ауылда не көрдің, не істедің, айтып берші? – деді оның
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
досы Самат. Айдар жаздағы көргендерін әңгімелеп берді.
– Мен ауылда көп баламен достастым. Олармен балық аулау-
ға бардым. Шаңғы тептім. Өзім шөп қорада ұйықтадым. Таңер-
тең мені әжемнің қазы оятты. Қоршаудың үстіне шығып алып:
«Ку-ка-ре-ку!» деп шақырады. Әжемнің малдары өте көп. Мен
оларға жем бердім. Қойларға шөп бердім. Ақтөс деген ит сәбізді
жақсы көреді. Маған ауылда болған қатты ұнады. Жаздың қалай
өткенін білмей қалдым.
– Біріншіден, қаз шақырмайды. Ал мен сенің өтірікші екеніңді
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
білдім, – деді досы Самат.
(«Балдырған» журналынан.)
өтірікші – біреуді алдап, шынын айтпау
1. Әңгіме кейіпкерлері кімдер?
2. Айдар жазғы демалыста қайда демалды?
3. Ол ауылда болғаны туралы кімге әңгімелеп берді?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
4. Айдар ауылда демалысты қалай өткізді?
5. Мәтін неліктен «Өтірікші» деп аталған? Мәтінді басқаша тағы қалай
атауға болады?
Мәтіннен берілген сөйлемді оқы.
Жазғы демалысыңды қалай өткіздің? Әңгімеле.
Мәтіннен Саматтың сөзін тауып оқы. Ол неге Айдардың сөзін өтірік
деп ойлады? Түсіндір.
Мәтіннен Айдардың жазғы демалыс кезінде ауылда көргендерін та-
уып оқы. Айдардың айтқандарының қайсысы дұрыс, қайсысы өтірік
екенін айт.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
6