Page 20 - Айналадагы алем 3-кл Окулык 1-болим
P. 20
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Қолғап пен саусақты биялай special.edu.kz.
Қолғап – қолға киюге арналған киім. Қолғап қол жылуын
жақсы сақтайды. Ол екі бөліктен құралады, біріншісі үлкен
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
бармаққа, ал басқасы қалған саусақтарға арналған. Қолғап
былғарыдан, тоқыма матадан тігіледі, жүннен тоқылады.
1. Суреттерді қара.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Суреттен жүннен тоқылған, былғарыдан, тоқыма матадан тігілген қолғап-
тарды тап. Үлкен бармаққа, басқа саусақтарға арналған бөліктерін көрсет.
Сен қолғапты қайда киесің? Ол не үшін қажет?
Жүн жіп орамасын, былғарыны, тоқыма матаны көрсет. Қолғаптың
қандай материалдан жасалғанын айт.
2. Оқы.
Жоғалыпты қолғабым,
Тыз-тыз етті қолдарым.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Сорып аяз тастады,
Естен кетпес тоңғаным.
Қолғаптық жіп шығарып,
Тоқыды әжем біз алып.
Мен отырмын ұяттан,
Тоңғандай боп қызарып.
(Ә. Дүйсенбиев)
Әжесі немересіне әдемі қолғап тоқып берді. Қолғапты кім тоқыды?
Қолғап қандай жіптен тоқылған? Қолғап не үшін керек? Немересі
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
әжесіне алғысын қалай білдірді? Немересі неге ұялып қалды?
Досыңнан оның қыста не кигенді ұнататынын сұра: биялайды ма, әлде
қолғапты ма? Неге?
18