Page 5 - Айналадагы алем 3-кл Окулык 1-болим
P. 5
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Құрметті жас достар! special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Бұл оқулықтың әрбір беті айналамызды қоршап жатқан
әлемнің таңғажайып құпияларын ашады. «Айналадағы әлем» оқулығы
саған күнделікті пайдаланып жүрген заттар туралы, саған қамқор
отбасы мүшелері туралы, мұғалімдерің туралы, үйдегі, мектептегі,
көшедегі, мұражайдағы ересектер және балалармен қарым-
қатынас ережелері туралы көптеген қызықты жағдайларды білуге
мүмкіндік береді. Сен жылдың әртүрлі мезгілдерінде табиғатта
және адам өмірінде қандай өзгерістердің болатынын, ауаның
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
адам, өсімдік пен жануарлардың тіршілігі үшін қандай маңызы
барын білесің. Қандай өсімдіктердің өсетінін және қайда өсетінін,
жануарлардың тіршілігі мен қоректенуі туралы білетін боласың.
Сен қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрі туралы көптеген
жаңа мәліметтерді білетін боласың, тұрмыстағы, табиғаттағы және
адамдар әлеміндегі қауіпсіздік ержелерімен танысасың.
Оқулық беттерінде достарыңмен бірге орындайтын тапсыр-
малар ұсынылады, оларға сұрақ қоясың, жауап бересің, өз
өміріңдегі қызықты жағдайлар туралы әңгімелейсің. Мұғаліммен
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
бірге таныс заттардың ерекше қасиеттерін білуге мүмкіндік беретін
тәжірибелерді орындайтын боласың.
«Айналадағы әлем» сабақтарында сен үшін қызықты болатын,
тұрмыста, табиғатта, қоғамда дербес болуға көмектесетін
ақпаратты білетін боласың деп үміттенемін.
Автор
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
3