Page 61 - Айналадагы алем 3-кл Окулык 1-болим
P. 61
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Жабайы жануарлар: аю, кірпі special.edu.kz.
1. Суреттерге қара. Аю туралы тыңда.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Аю – жер бетіндегі ең үлкен жыртқыш аң. Оның кішкентай құлағы
мен көзі бар, басы үлкен. Оның денесі ірі, мойны қысқа. Құйрығы
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
сәл байқалады. Аяғы қысқа, сәл майысқан. Сондықтан аюлар бір
жағынан екінші жағына қарай теңселіп жүреді. Қоңыр аюдың жүні
қалың және қоңыр түсті болады.
Аю үлкен және өткір тырнақтарымен өзіне қорек табады, ол
жемінің дал-дұлын шығарады, ағашқа өрмелеп шығады. Ол жазда
нәрлі шөппен, жидекпен және ағаштың қабығымен қоректенеді. Аю
күзде жаңғақтармен, жәндіктермен, құстың жұмыртқаларымен қо-
ректенеді.
Аю апанда қыстап шығады.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Суреттегі жануарды көрсет және ата.
Бұл үй жануары ма, әлде жабайы жануар
ма? Ол қайда мекендейді? Оның баласын
қалай атайды?
Аюдың дене құрылысын ата. Оны неге
маймақ деп атайды? Оның денесі немен
жабылған? Қоңыр аюдың жүнінің түсі қан-
дай? Аю қайда мекендейді? Немен қорек-
тенеді? Басқа да жабайы жануарларды ата.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Сен аю туралы қандай ертегілерді біле-
сің? Аюдың басы, аяғы қандай? Ол өзіне қоректі қалай тауып жейді?
59