Page 68 - Айналадагы алем 3-кл Окулык 1-болим
P. 68
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Ерте күз special.edu.kz.
Қыркүйек – күздің бірінші айы.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
1. Ерте күз белгілері туралы оқы.
Қыркүйекте жаздағыдай жылы күндер көп болады. Түнде суық
болады. Күндіз жиі жаңбыр жауады. Ағаш жапырақтары әлі де жа-
сыл, бірақ арасынан сары жапырақтар көріне бастайды. Бақта алма
мен қараөрік піседі, ал картопты, қызылшаны бақшадан қазып ала-
ды. Күзгі саңырауқұлақтар өсіп шығады. Өзен суы суық болады.
Ерте күз белгілері туралы айт.
1. Қыркүйекте күндіз және түнде ауа райы қандай болады?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
2. Жаңбыр жиі жауа ма?
3. Ағаш жапырақтарының түсі қандай болады?
4. Бақта не пісті? Бақшада ненің өнімін жинайды?
5. Орманда не өсті?
6. Өзен суы қандай болды?
2. Суретке қара.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Суреттен кімнің қараөрік, ал кімнің қызылша мен картоп жинап жатқа-
нын көрсет. Қараөрік пен алма, картоп пен қызылша қайда өседі? Көкөніс
пен жеміс өнімдерін қай кезде жинайды?
Ерте күз қай айда басталады? Ерте күзде қандай жемістер мен көкөніс-
терді жинаймыз? Адамдар ерте күзде қалай киінеді?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Ерте күз белгілерін ата. Сурет бойынша сөйлемдер құрастыр, күзде ауа
райының қандай болатыны, адамдардың егістікте, бақта және бақшада
не істейтіндері туралы айтып бер.
66