Page 95 - Айналадагы алем 3-кл Окулык 1-болим
P. 95
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Жаз мезгіліндегі жануарлар мен құстар special.edu.kz.
1. Тыңда.
Жаз – жануралар өмірі үшін ең жақсы уақыт. Күннің ұзақ, жылы
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
және қоректің көп болуы жануарларды қуантады.
Жылдың бұл мезгілінде жануарлардың төлдері пайда болады.
Жануарлар өздерінің кішкентай балаларына қамқор болады. Төл-
дері дені сау, күшті болып өсулері үшін оларға қорек тауып береді.
Жануарлар балаларын өздеріне қорек таба білуге үйретеді.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
2. Оқы.
Жазда құстардың қорегі көп болады. Гүлдеп тұрған өсімдіктер
жәндіктерді өздеріне қарай тартады. Көбелектер қалықтайды, жа-
байы ара мен шыбындар ызылдайды, аралар гуілдейді. Құстар жән-
діктермен, бақ пен бақша зиянкестерімен қоректенеді. Маса, құрт,
жұлдызқұрттар – бұлар құстардың жазғы қорегі.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Жануарларды, жәндіктерді, құстарды көрсет және ата. Нелердің бала-
лары пайда болды? Олар өз балаларына қалай қамқор болады? Құстар
немен қоректенеді?
Жануарлар неге жазға қуанады? Жазда жануарларда не пайда болады?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Олар өз балаларына қалай қамқор болады? Сен жазда қандай жануарлар
мен жәндіктерді көрдің?
Жануарлардың және құстардың жаз мезгіліндегі тіршілігі туралы айтып бер.
93