Page 44 - Айналадагы алем 3-кл Окулык 2-болим
P. 44
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері
Мемлекеттік рәміздер – бұл мемлекеттің айырым белгілері.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Оған: ту, елтаңба, әнұран жатады. Қазақстанда 4 маусым
Мемлекеттік рәміздерді ұлықтау күні деп аталады
1. Тыңда.
Елтаңба – бұл Қазақстанның мемлекеттік
рәмізі. Барлық мемлекеттік маңызды құжат-
тарда елтаңбаның бейнесі бар.
Елтаңбаның ортасында көгілдір түс аясында
шаңырақ бейнеленген. Бұл отбасы, достықты
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
білдіреді. Шаңырақты айнала Күн сәулесіндей
тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың екі
жағында қазақтың бар өмірінің жылқымен бай-
ланысын білдіретін қанатты тұлпарлар бейне-
ленген. Жоғарғы бөлігінде бақыт пен бейбітшіліктің белгісі ретіндегі
бес бұрышты жұлдыз орналасқан. Төменгі бөлігінде «Қазақстан»
деген жазу бар.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасын көрсет. Елтаңба-
ның бөліктерін: шаңырақты, тұлпарды, жұлдызды, уықты көрсет және ата.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін ата. Елтаңбаны
көрсет. Онда не бейнеленген? Елтаңбаның түсі қандай?
Елтаңбада не бейнеленген? Шаңырақ, тұлпар нені білдіреді? Олар елтаң-
бада қалай орналасқан? Елтаңбаның түсі қандай?
2. Оқы.
Әрбір елдің өзінің әнұраны – салтанантты әні бар. Әнұран бей-
бітшілікке және достыққа үндейді. Әнұранды оң қолын кеудесінің
сол жағына қойып, тұрған қалыпта тыңдайды.
Әнұран Қазақстан Республикасының Президенті өзінің лауа-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
зымына кіріскенде, салтанантты жиындар мен шараларда, спорт-
тық шараларда орындалады.
42