Page 82 - Айналадагы алем 3-кл Окулык 2-болим
P. 82
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Көру қабілетін қалай жақсы сақтауға болады?
1. Суреттерге қара. Балалардың қайсысының әрекеті дұрыс, ал қайсысы
өзінің көру қабілетіне зиян келтіреді? Неге?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
2. «Ойлан және айт». Көз саған не үшін керек? Сенің неше көзің бар? Қа-
сыңды, кірпігіңді көрсет. Қабақ пен кірпік көзді шаңнан, қатты жарықтан
сақтайды. Көру қабілеті нашарлап кетпеуі үшін не істеу керек?
3. «Біз нені көреміз?» тапсырмасы. Біз көру қабілетінің көмегімен көп-
теген заттарды көреміз. Фигураларға қара, оларды есте сақта. Көзіңді
жұм, көрген фигураларыңды еске түсіріп, қағазға суретін сал.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Көзіңді, қабағыңды, қасыңды, кірпігіңді және бетіңді көрсет және ата.
Көз не үшін керек? Көру қабілетін сақтау үшін не істеу керек?
Көзің жақсы көру үшін қандай ережелерді сақтау керек? Балаларға
қанша уақыт теледидарды көруге, қанша уақыт компьютердің алдында
отыруға болады? Нашар көретін балалар көзіне не киеді? Оларға көзіл-
дірікті кім жазып береді?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Сен теледидар қараудың, компьютерде жұмыс істеудің қандай ереже-
лерін білесің? Неге үйде және мектепте үшкір және өткір (қайшы, ине) зат-
тарды өте ұқыпты пайдалану керек?
80