Page 97 - Қазақ тілі 3-класс. Окулык ЯЗ2
P. 97
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Қаратпа сөз special.edu.kz.
(Обращение)
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
1. Түсініп оқы. Көшіріп жаз.
Қаратпа сөз – біреудің назарын аудару үшін қолданылатын сөз-
дер. Ол сөйлемнің басында, ортасында, аяғында келеді. Мысалы:
«Раушан, екеуміз базарға барайық». «Екеуміз, Раушан, базарға
барайық». «Екеуміз базарға барайық, Раушан».
2. Сөйлемдерді оқы. Көшіріп жаз.
1. Балам, сабағыңды оқы. 2. Оқы, балам, сабағыңды. 3. Са-
бағыңды оқы, балам.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Қаратпа сөздердің астын сыз.
3. Сөйлемдерді оқы. Қаратпа сөздерді тап. Астын сыз.
Бақа, бақа, балпақ,
Басың неге жалпақ?
4. Көп нүктенің орнына қаратпа сөзді қой. Көшіріп жаз.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Керекті сөздер: аға, Айнұр, балам.
... , мені көшеден өткізіп жіберіңізші. Терезені дұрыстап жапшы,
... . Иә, ... , сабақты жақсы оқып жүрсің бе?
5. Үлгі бойынша сөйлесейік. Қаратпа сөздерді тап.
– Сәлеметсіңдер ме, балалар! – Сәлеметсіз бе, апай!
– Балалар, қазір қандай сабақ? – Қазақ тілі.
– Апай, мен дайынмын.
– Бүгінгі сабаққа кім дайын?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Мен де дайынмын, апай.
– Өте жақсы. Дастан, сен ше?
95