Page 156 - 5.1.1
P. 156
special-edu.kz.
special-edu.kz.
ЖЫЛ БОЙЫ ӨТКЕНДI ҚАЙТАЛАУ special-edu.kz.
Дыбыстар мен әрiптер
1-тапсырма. 1. Өлеңдi оқып, көшiрiп жаз.
special-edu.kz. Жаз деген – көктемнiң жалғасы. special-edu.kz.
special-edu.kz.
Жаз деген
Пiсетiн бұл кезде балбырап
Өрiгi, мейiзi, алмасы...
Тосады аузыңа бал дәмiн алғашқы.
Жазды ыстық сүйемiн, сайрандап жүремiн,
Суына шомылам, Күнiне күйемiн.
(Қ. Ыдырысов)
2. Өлеңнiң әрбiр сөзiне талдау жаса: дыбыстарының дауысты,
дауыссыз екенiн ажырат.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
2-тапсырма. 1. Сөздерге төмендегі тиісті қосымшаларды
жалғап, көшiрiп жаз.
Тас... , қалам... , көбелек... .
Жап... , тарт... , көр... , бар... .
Әке... , көйлек... , мысық... .
Шаш... , көз... , тiл... .
Керекті қосымшалар: -ты, -ті, -ны, -ні, -ды, -ді.
2. Бiр қосымшаның жуан және жiңiшке болып жалғану себебiн айт.
3-тапсырма. 1. Мәтiндi оқып, мазмұнын айт. Көшiрiп жаз.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Жаңа туған құлыншақ
Көк бие құлындады. Құлыншақ аяғын қалт-қалт ба-
сады. Ол бiраз жүрдi де, жатты. Құлынның қасында
енесi тұр. Баламды басып алмайын дегендей аяғын абай-
лап қана басады. Құлын ұйқыдан оянды. Орнынан тұр-
ды. Ақырын басып енесiне жақындады. Мойнын созып,
енесiн емдi.
2. Сөйлемнiң дауысты дыбыстарын бiр сызықпен, дауыссыз дыбыс-
тарын екi сызықпен сыз.
154
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.