Page 81 - 5.1.1
P. 81
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Зат есiм special-edu.kz.
Адам, бала, гүл, кiтап, күз, боран, еңбек, бақыт
сияқты сөздер заттардың атауы ретiнде жұмсалады.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Заттың (нәрсенiң) атын бiлдiретiн атау сөздер зат
есiм деп аталады.
Зат есiмдер кiм? не? кiмдер? нелер? деген сұрау-
ларға жауап бередi.
Мысалы: ата, ана, оқушы сөздер кiм? деген сұрау-
ға жауап берсе, ағаш, дәптер, жел, ешкi сөздерi не?
деген сұраққа жауап бередi.
1-тапсырма. 1. Мәтiндi оқы.
Кішкене бағбан
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Садықтың әкесі бағбан. Садық оған үнемі көмектесіп
жүреді. Қар кетісімен әкесі мен баласы бақта тынбай ең-
бек етеді.
Бір күні Қалел жүгіріп келіп:
– Кеттік, Садық, ойынға, – деді.
– Менің жұмысым көп, – деп жауап берді Садық оған.
– Жұмыс деген немене?!. Одан да ойнаған қызық емес
пе?!
Садық ойнағысы келіп кетсе де жұмысын жалғастыра
берді.
Күз де келді. Бақта жеміс пен жидектің сан алуан түрі
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
пісті.
(М. Төрежанов)
2. Зат есiмдердiң астын сыз. Әр зат есiмге сұрақ қой.
2-тапсырма. Төмендегi сөздерге сұрақ қойып, көшiр.
Орман, тоқылдақ, тiгiншi, қоңыз, дәптер, гүлдер,
мұғалiм, сынып, ұшқыш, дала, аспаздар, ата, оқушы,
үйрек, сәбiз, аққулар, малшы, қоян, жылқышы, күрек,
ауыл, аспан.
79
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.