Page 87 - 5.1.1
P. 87

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                11-тапсырма.  Сөйлемдердi көшiрiп жаз. Сұрақ қойып, зат                          special-edu.kz.
        есiмдердi тап.

            1.  Тайман  аулаға  шықты.  2.  Құлын  енесiн  емдi.
        3. Омарташы бал жинады. 4. Ауылдың шетiнде көл бар.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        Далада  мал  жайылып  жүр.  6.  Бақшадан  сәбiз,  картоп
        жинап алдық. 7. Сатушы дүкендi ашты. 8. Әжем көрпеше
        тiктi. 9. Күн ұясына батып барады. 10. Жүргiзушi мәши-
        немен жолға шықты.


              12-тапсырма. 1. Берiлген сөздердi қатыстырып сөйлем құрас-
        тыр.

            1.  Ойнады,  ойыншықпен,  бала.  2.  Көрдi,  бұғылар-
        ды, аңшылар, алыстан. 3. Ұшып, аққулар, жылы, кет-
        тi,  жаққа,  күзде.  4.  Жазда,  қой,  бақтық,  бiз,  өрiсте.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        5.  Тартты,  «Сарыарқа»,  күйшi,  күйiн.  6.  Астық,  дала-
        сында, пiсiп тұр, егiс.

            2. Зат есiмдердi тауып, астын сыз.


                13-тапсырма. Мәтiндi оқып, мазмұнын түсін.

            «Ата-ана», «ататек» – бір-біріне мағынасы жақын сөз-
        дер.  Олар  «ата»  сөзінен  тарайды.  «Атадан»  отбасының
        бірнеше тегі өрбиді. Оны ұрпақ  деп атайды.
            Кез келген адам өзінің ататегін білуі қажет. Біз – өз
        ата-бабамыздан  тараған  ұрпақпыз.  Жас  ұрпақ  үлкен-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        дердің берген тәлім-тәрбиесін бойына сіңіріп өседі.

            14-тапсырма. Мәтiндi оқып шық. Қарамен жазылған сөздерге
        тиiстi сұрақ қой.

            Күн батты. Түн болды. Ай туды. Жұлдыздар жымың
        қақты. Ауыл маңында көл бар едi. Көлдiң бетi мұз болып

        қатты.




                                                                                    85
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   82   83   84   85   86   87   88   89   90   91   92